АбайАймақ

Қазақ күйлері мен домбыра қастерленген күн

Наурызнаманың Мәдениет және ұлттық салт-дәстүрлер күнінде Абай қаласының сауда орталықтарында халық аспаптары оркестрі қазақ күйлерін орындап, Қарабас кентінде домбыра жасау жөнінде шеберлік сағаты өтті.

Суреттер ұйымдастырушылардан

Бұл күні Абай қаласының сауда орталықтарына келген жұртшылық халқымыздың күй өнерінен сусындап, оны бейнебаянға түсірісіп жатты.

Ал Қарабас кентіндегі домбыра жасау шебері Амантай Кәкішұлы мектеп оқушылармен өткізген шеберлік сағатында оларды домбыра жасаудың қыр-сырымен таныстырып, өз тәжірибесімен бөлісті.

– Домбыра жасаудағы мақсатым–сапалы ұлттық аспап дайындау. Өзім домбырашы болғандықтан оның үнін бірден ажыратамын. Сондықтан ағаштан домбыра жасау кезінде оның дыбысына ерекше мән беремін, – дейді ол.

Шеберлік сағатында оқушылар домбыра жасаудың тәсілдеріне қанығып қана қоймай, оны тартып, ойнаудың әдістерін де меңгерді.

Ержан ИМАШ,
Абай ауданы

Басқа материалдар

Back to top button