Қазақ әдебиеті апталығы өтті
Бұқар жырау ауданының Ғабиден Мұстафин кентінің көпшілік кітапханасында қазақ әдебиетінің апталығы өтті. “Зерде зейіні бөлек қаламгерлер” атты бұл апталықты аталған кітапхананың меңгерушісі Гаухар Сүлейменова бастаған кітапханашылар ұйымдастырды.
Бұл апталық биыл туғанына 110 жыл толатын Ілияс Есенберлиннің, Қадір Мырза-Әлінің 90, Мұхтар Мағауиннің 85, Тұманбай Молдағалиевтің 90 жылдық мерейтойларына арналды. Мұнда кітапханашылар апта ішінде қазақ әдебиетінің осынау көрнекті өкілдерінің өмір жолы мен шығармашылық қызметтеріне тоқталып,оқырмандарды олардың кітаптарымен таныстырды.
Апталық барысында Ілияс Есенберлиннің “Көшпенділер” трилогиясы мен Қадыр Мырза-Әлінің өлеңдерінен үзінділер қазақ және орыс тілдерінде оқылды.
Осы іс-шараға кенттегі агротехникалық колледждің студенттері де белсене қатысып,олар да Қадыр Мырза-Әлі мен Тұманбай Молдағалиевтің өздері білетін өлеңдерін жатқа айтып, Тоқсанбек Сағай Тұманбай Молдағалиевтің сөзіне жазылған “Құстар қайтып барады” әнін нәшіне келтіре шырқап берді.
Жазушы Мұхтар Мағауиннің шығармашылығына қызығушылық танытқан оқырмандар оның биыл қаңтар айында қайтыс болып,АҚШ-тың Мэриленд штатында жерленгеніне өкініш білдірді.
Апталық өте тартымды өтіп,оқырмандар ойында жақсы әсер қалдырды.
Ержан ИМАШ,
Бұқар жырау ауданы
Суреттер ұйымдастырушылардан