Бас тақырыпЖаңалықтар

Автожолдарда “жасырын” патрульдеу енгізілді

ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің төрағасы Қайсар Сұлтанбаев ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында қала сыртындағы жолдарды қамту мақсатында “жасырын” патрульдеу енгізілгенін мәлімдеді, деп хабарлайды ortalyq.kz  Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.

Сурет: gov.kz

Оның айтуынша, қала сыртындағы жолдарда “жасырын” патрульдеу енгізілді, яғни сәйкестендіру белгілері жоқ полиция көлігінің салонында автоматты камералар орнатылған.

– Елді мекендердің ішінде осы тектес камералар автобустардың салондарында және жедел жәрдем көліктеріне де орнату жоспарланып отыр. Бұл көлік жүргізу мәдениетін арттыруға және жазаның бұлтартпаушылық принципін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді,- деді ресми өкіл.

Сондай-ақ, ол қазір мұндай 300-ге жуық көлік бар екенін атап өтті.

-Бір экипаждың өнімділігі 15 патрульдің жұмысымен сәйкес келеді. Қала сыртындағы трассаларда қауіпсіздік мәселелерін шешу үшін патрульдік автокөліктер жол ережелерін бұзуды тіркейтін борттық жүйелермен жабдықталды. Қазіргі уақытта жасырын патрульдеу режимінде полицияның 11 автокөлігі жұмыс істейді, жыл соңына дейін олардың санын көбейтуді жоспарлап отырмыз,- деді ол.

Материалды әзірлеген: Ілияс ДҮНГЕНБАЙҰЛЫ.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button