Бас тақырып

Автосалоннан сатып алынған көлікті тіркеу жеңілдеуі мүмкін

Қазақстанда eGov мемлекеттік порталында жаңа автокөліктерді онлайн тіркеу жүйесі іске қосылмақ. Тиісті құжат жобасы «Ашық нормативтік-құқықтық актілерді талқылау алаңы» порталында жарияланды. 

Пилоттық жоба шеңберінде «Электрондық үкімет» порталы және ақпараттандыру объектілері арқылы көлік құралдарын бастапқы мемлекеттік тіркеу іске асырылады.

Портал арқылы келесі мемлекеттік қызмет түрлері көрсетіледі:

– автокөлікті сәйкестендіру нөмірі бойынша жеке мемлекеттік тіркеу, есепке қою және есептен шығару;
– автокөлікті тіркеу туралы куәлік пен мемлекеттік тіркеу нөмірін беру.
Құжат жобасы 2025 жылғы 2 қыркүйекке дейін қоғамдық талқылауға ұсынылып отыр.

Материалды әзірлеген Аида РАХЫМҚҰЛОВА

Басқа материалдар

Back to top button