Бас тақырып
Автокөлік жүргізушілері қандай жаңа белгіні орнатуы керек?
1 қаңтардан бастап елімізде ҚР СТ 1412-2017 «Жол қозғалысын реттеудің техникалық құралдары. Қолдану қағидалары» ұлттық стандартына толықтырулар енгізілді, деп хабарлайды Ortalyq.kz El.kz сайтына сілтеме жасап.
Яғни газ баллондарымен жабдықталған автомобильдер «GAS» деген жазуы бар сары теңбүйірлі үшбұрыштың сәйкестендіру белгісімен таңбалануы тиіс.
Бұл белгі жабық паркингтерге кірген кезде көлік оңай танылатындай етіп орнатылуы қажет. Бұл шара қауіпсіздік мақсатында енгізілді.
Бүгінде өңірлерде тәртіп сақшылары автокөліктерді тоқтатып, газ баллон жабдығы бар автокөлік иелеріне тану белгісін орнату қажеттігі туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізіп жатыр.
Материалды әзірлеген Ербол ЕРБОЛАТ.