Автобустардың соғылуынан зардап шеккен жолаушылардың жағдайы туралы дәрігер айтып берді

Бүгін Қарағандыда екі автобустың соқтығысуы салдарынан 18 жолаушы жарақат алды. Қазір олар ауруханада ем қабылдап жатыр.

Дәрігер науқастардың жағдайы қалай екенін айтып берді.

Профессор Х.Ж.Мақажанов атындағы көпбейінді аурухананың травматология орталығының басшысы, МЕАҚ “ҚМУ” хирургиялық аурулар кафедрасының меңгерушісі, Медицина ғылымдарының докторы Берік Төлеубаевтың айтуынша, ауруханаға 18 адам жеткізілген. 4 адамның жағдайы ауыр.