Жаңалықтар

Автобус жүреді

Облыстың Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің жаңа қаулысы негізінде осындай шешім қабылданды.

Қаулыға сәйкес, міндетті вакциналауға жататын қызмет көрсету саласы қызметкерлері арасында екпе алмағандары күндізгі режимде жұмысқа жіберілмейді. Тұрақты медициналық қарсы көрсетілімдері бар және соңғы 3 ай ішінде COVID-19-бен ауырып жазылған адамдарға бұл қатысты емес. Сондай-ақ, осы санаттағы адамдарды қоспағанда вакцина алмағандар аптасына бір рет ПТР тестілеуден өтуге міндетті. Құжат бойынша берілген күннен бастап 3 тәуліктен аспайтын мерзімі бар теріс нәтижелі ПТР тестілеу анықтамасын немесе вакцинация паспортын көрсеткен әлеуетті ата-аналар жетім, ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларды асырап алуы, қорғаншылықты, қамқоршылықты белгілеу үшін балалар үйлері мен сәбилер үйлеріне бара алады. Сонымен қатар, ұлттық алдын алу механизмі қатысушыларына берілген күннен бастап 3 тәуліктен аспайтын мерзімі бар теріс нәтижелі ПТР тестілеу анықтамасы немесе вакцинация паспортымен медициналық-әлеуметтік объектілерге баруға рұқсат етіледі. Бұрынырақта енгізілген шектеулер әлі де сақталады.

Басқа материалдар

Back to top button