Жаңалықтар

“Автобус” республикалық жедел-алдын-алу іс-шарасы өткізілді

Жүргізушілер арасында көлік тәртібін арттыру және жол-көлік оқиғаларының санын азайту, жол қозғалысы ережелерін бұзудың алдын-алу мақсатында ағымдағы жылдың 20 қаңтарынан бастап 22 қаңтар аралығында Қарағанды қаласының аумағында “Автобус” республикалық жедел-алдын-алу іс-шарасы өткізілді.

“Автобус” жедел алдын-алу шарасы кезінде полицейлер апаттылықтың алдын алудың басым бағыттарына атап айтқанда, жол қозғалысы ережелерінің бұзушылықтары: алкогольдік масаң күйінде көлікті басқару, қозғалыс жылдамдығын белгіленген шектерінен асып кетуін және басып озу, қарсы жүріп өту, маневр жасау, қауіпсіздік белдігін қолданбау және ұялы телефон арқылы сөйлесу, мемлекеттік техникалық байқаудан өтпеген көлік құралдарын басқару секілді бұзушылықтарға баса назар аударылды.

Автобус ЖПШ өткізу барысында полиция қызметкерлерімен жол жүру ержесін бұзудың -244 фактісін анықталды.

Қарағанды қаласының ПБ ЖПҚБ қызметкерлері жол жүру ережесін бұзбауға, ауа-райының қолайсыздығына байланысты ара қашықтықты сақтауға және алыс сапарларға шығуды шектеуге кеңес береді.

Басқа материалдар

Back to top button