Жылдағы дәстүр бойынша ауыл шаруашылығы жылының қорытындысы бойынша Абай аудандық Мәдениет үйінде өткен жиында ауыспалы жалаушаны Көксу ауылдық округі алып, оны өткен жылдың жеңімпазы Ақбастау ауылдық округінің әкімі Рымбек Тұяқбаев Көксу ауылдық округінің әкімі Асылхан Мақановқа салтанатты түрде табыс етті.

Бұл Көксу ауылдық округіндегі ірі ауылшаруашылық құрылымдары “Шанс” ШҚ, “Астра-Агро ЛТД” ЖШС және “Богара” фермерлік шаруашылығы, тағы басқалары биылғы көктемгі және күзгі егіс науқандарын жақсы өткізіп, дәнді дақылдар, картоп пен көкөністен аудан бойынша мол өнім жинаған болатын.

Сондай-ақ бұл жиында жыл қорытындысы бойынша үздік көрсеткішке қол жеткізген бірқатар еңбек озаттары да марапатталып, жергілікті өнерпаздар өнер көрсетті.
Ержан ИМАШ
Абай ауданы



