Жаңалықтар

Ауыр қылмыс жасаған сотталушы қашып кетті

Шілде айының 18-не қараған түні 35 жастағы қылмыскер медициналық мекемеден қашып кетті. Батыс Қазақстан облысының тумасы ауыр қылмыс жасаған. Облыстың полиция департаменті сотталған азаматтың мекен-жайын анықтау және ұстау бойынша кешенді шаралар жүргізуде.

сотталушы қашып кетті

Сотталған азаматтың қашып кету дерегі бойынша Қарағанды полициясы гарнизонының жеке құрамына бағыттама берілді.

– Сотталушы толық денелі, бойы – 165 см. Шашының түсі – қара. Үстінде ақ футболка, қара түсті аяқ киім, қара түсті шалбар және басында қара түсті кепка болған. Қала тұрғындарынан сипатталған адамға ұқсас азаматты көргендер болса, 102 телефонына хабарласуды сұраймыз, – дейді облыстық полиция департаментінің мамандары.

Аида РАХЫМҚҰЛОВА,
Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button