Жаңалықтар

Ауылдық жерлерде нәресте өлімі көбейген

Ауылдық жерлерде нәресте өлімі көбейген. Бұл туралы денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният мәлімдеді, деп хабарлайды Ortalyq.kz Tengri.kz – ке сілтеме жасап. 

“Алты ай қорытындысы бойынша, ауылдардағы ана өлімі қалаға қарағанда екі есе төмен. Биыл ауылдық жерлерде сәби өлімі көрсеткіші былтырғы кезеңімен салыстырғанда 30,6 пайызға артқаны байқалады. 2022 жылдың жеті айында бұл көрсеткіш 6,09 пайыз болды, ал 2021 жылдың жеті айында ол 4,66 пайыз болған. Бұл ретте ауылдағы балалар өлімі көрсеткіші қаламен салыстырғанда 38,7 пайызға төмен”, – деді Ғиният Мәжілістегі Үкімет сағатында.

Денсаулық сақтау министрінің айтуынша, бала өлімі әйелдердің денсаулығына тікелей байланысты. 

Оның айтуынша, әйелдердің денсаулығын сақтау және балалар денсаулығын нығайту үшін жүкті әйелдерді жеке және аралық босанғанға дейінгі бақылау күшейтілген.

Басқа материалдар

Back to top button