Бас тақырыпОсакаров
Ауылдың шырағы жанып, шырайы кірді
Биылғы жыл ауыл тұрғындары үшін жағымды жаңалықтарымен есігін ашты. Жақында Шұңқыркөл ауылының әкімі Ербол ОМАШЕВТЫҢ бастамасымен ауыл көшелерін жаппай жарықтандыру жұмысы қолға алынды.
Бүгінде ауыл көшелеріне 30 шам орнатылды. Сонымен қатар, сонау Кеңес заманында іске қосылған су құбырының тозығы жеткеніне қарамастан тұрғындарды толық ауызсумен қамтамасыз етіп отыр. Сондай-ақ, көктемнен бастап, «Осакаров-Нұра» тасжолынан жеті шақырым жерде орналасқан Шұңқыркөл ауылының 33 жыл жөндеу көрмеген тасжолын толық жөндеуден өткізу жоспарланып отыр. Шұңқыркөлдіктер игілікті іске дән риза.
Нұрлан ҒАЛЫМЖАНҰЛЫ.