Ресми
Ауылдың әлеуеті артпай, мемлекет толыққанды дами алмайды – Жигули Дайрабаев
«Ауыл» партиясы фракциясының мүшесі Жигули Дайрабаев Астанада Жаңа Конституция жобасын талқылауға арналған «Жаңа Конституция – жаңа мүмкіндіктер» атты партияаралық диалогы барысында ауылдың әлеуеті артпай, мемлекет толыққанды дами алмайтынын айтты.

«Өңірлердің рөлін арттыру, халықтың шешім қабылдау процесіне қатысуын кеңейту – маңызды бағдар. Бұл – орталық пен аймақ арасындағы үйлесімді дамудың кепілі. Біз үшін бұл мәселе ерекше маңызды. Себебі «Ауыл» партиясы қашан да ауыл халқының мүддесін қорғап келеді. Ауыл – елдің алтын бесігі ғана емес, ұлттық болмысымыздың қайнар көзі. Ауылдың әлеуеті артпай, мемлекет толыққанды дами алмайды», – дейді ол.
Материалды әзірлеген Аяулым СОВЕТ

