АймақШет

Ауылдың алғашқы тележұлдызы

Астанада «Балапан» телеарнасының ұйымдастыруымен «ibars» зияткерлік бағдарламасының онлайн кастингі өтті. 700-ден астам үміткерлер қатысып, 180 бала арасындағы іріктеуден 5 жастағы бүлдіршін Мойынты мектебінің мектеп­алды даярлау сыныбының тәрбиеленушісі – Алима Болат биіктен көрінді.

Сурет автордан

«Ibars» бағдарламасы – балалардың зияткерлік, танымдық, есте сақтау, шығармашылық дағдыларын дамытып, талантты балалардың талабын ұштап, танылуына мүмкіндік береді. Тапсырмалар мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасына сәйкес құрастырылған.

Жоба топтық форматта өтті. Үш қатысушыдан құрылған 20 топ өзара сайысқа түсті. Қарағанды облысының балапандары, оның ішінде, Алима Болат ойындарға белсенді қатысып, алғырлық танытқаны үшін Алғыс хатпен марапатталды. Жоба «Балаларды қоғау» күнінде «Балапан» телеарнасының эфиріне шығады. Балақайлардың жұлдыз­дары жана берсін!

Халима ҚҰРЫМБАЕВА,
Мойынты мектебінің мектепалды даярлау сыныбының тәрбиешісі.
Шет ауданы

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button