АймақШет

Ауылдастарының қамын ойлаған кәсіпкер балабақша салып берді

4 мыңға жуық халқы бар Шет ауданының Ақжал кентінде бұған дейін бір ғана балабақша болатын. Ауылдастарының талап-тілегіне бей-жай қарай алмаған жеке кәсіпкер Мейрам Арыстанбеков бұл мәселенің шешімін тауып, балабақша салып берді. 50 орындық «Сұлтан»  балабақшасы ауылдың қақ ортасында. Әрі ғимарат мемлекеттік талаптарға сай. Бүгінде 1-6 жас аралығындағы 50-ге жуық бала қабылданған.

Ақжал кенті

Балабақшаның ашылу салтанатына кент әкімі Қайырғали Садықов, аудандық білім бөлімінің басшысы Елдос Смағұл арнайы қатысты.

Ақжал кенті

– Балалардың толыққанды қалыптасуы үшін мектепке дейінгі білім беру нысандарының маңызы зор. Болашақ ұрпақтың тәрбиесі алдымен балабақшадан басталады. Мейрам ағамыздың ауыл бүлдіршіндерін қолдаудағы бұл қадамы басқаға өнеге болса, нұр үстіне нұр. Әрі жергілікті тұрғындар да жұмыспен қамтылды – дейді балабақша тәрбиешілері.

Аида РАХЫМҚҰЛОВА,
Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button