Ұлыстың ұлы күні, әз-Наурыз мерекесіне қарсаңында Қ.Аманжолов ауылдық округі, Талды ауылындағы жаңадан салынған заманауи дәрігерлік амбулаторияның ашылу салтанаты өтті. Шараға аудан әкімі Ә. Арғынов, аудандық мәслихат депутаты Ұ.Райымбеков қатысып, жергілікті ауыл халқын қуанышты жаңалықпен құттықтады.

Аудан әкімі Ә. Арғынов шалғайда жатқан ауылдарға осындай заманауи нысан салып, халықтың денсаулығын нығайтуға арналған іргелі жұмыстарға алғысын білдіріп, «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында осымен бұл өңірдегі үшінші медициналық нысан екендігін атап өтті.
Салтанатты шара аудандық мәдениет үйі қызметкерілерінің ән шашуымен жалғасын тапты. Сонымен қатар, ауылдың ардагерлер кеңесінің төрағасы Сәбит ақсақал батасын берді. Ауылдың дамуына ат салысқан азамат, азаматшалар аудан әкімінің Алғыс хатымен марапатталды.
Аида РАХЫМҚҰЛОВА