«Ауылғы беріліп отырған зор мүмкіндік»
Қарқаралы ауданындағы 8 ауылдық округте әкім сайлауы қарқынды жүруде. Қоянды, Мәди, Абай, Мамыраев, Қ. Аманжолов, Бақты, Жаңатоған, Нұркен ауылдық округтерінде 3902 сайлаушы өз таңдауларын жасамақ. Әзірге дауыс бергендер 16%-дан асты.
Аудан бойынша ауылдық округ әкімдігіне ең көп 6 кандидат N576 Қ.Аманжолов сайлау учаскесінде тіркелген. Учаскеде 524 сайлаушы, 4 бөлімше бар
— Сайлау учаскесі әдеттегідей жұмысын мемлекеттік Әнұранмен ашты. Мен өзіме берілген мүмкіндікті пайдалана отырып, таңдауымды жасадым. Бұл сайлаудың ауыл халқы үшін маңызы зор. Ауылдың жағдайын, жай-күйін түсенетін адам ауылдың ішінен шығып, әкім болады. Бұл ауылға беріліп отырған зор мүмкіндік. Біздің ауылдың әкімдігіне түсіп жатқан азаматтардың дені жастар. Елдің болашағы осы жас азаматтардың қолында. Жігерлі, жалынды жастарды қолдау біздің міндетіміз, — дейді ұлағатты ұстаз Жанар Төлеуханова.
Сағыныш ӘБІЛ,
Қарқаралы ауданы.