Бас тақырыпЖаңалықтар

Ауыл шаруашылығында өсім бар

Биылғы жылы І жартыжылдықта облысымыздағы ауыл шаруашылығы өнімдерінің (қызметтерінің) жалпы көлемі 3,5%-ға өсті. Бұл туралы облыстық статистика департаменті хабарлады.

Мәлімдемеге сүйенсек, І жарты жылдықта ауыл шаруашылығы өнімінің жалпы көлемі 72,4 млрд. теңгені құраған көрінеді. Бұл өткен жылғы тиісті кезеңнен 3,5%-ға жоғары. Өңіріміз ауыл шаруашылығы өнімінің жалпы үлес көлемі бойынша Алматы, Түркістан, Шығыс Қазақстан, Ақтөбе облыстарынан кейін 5-ші орынды алады. Қарағанды облысының ауыл шаруашылығы өнімінің жалпы көрсеткіші республика көлеміндегі үлес салмағы 7,2%-ды құрады.

Ауыл шаруашылығы өнімдерінің нақты көлем индексінің өсуі мал шаруашылығы өнімінің өсуіне байланысты болып отыр. Өткен жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда мал мен құстың барлық түрлерінің етін өндіру 1,8%-ға, сиыр сүтін өндіру 2,6%- ға және тауық жұмыртқаларын өндіру 23,9%-ға өсті.

 Ауыл шаруашылығы өнімінің құрылымында айтарлықтай үлес салмақты мал шаруашылығы өнімі (98,2%) құрады. Өсімдік шаруашылығы өнімінің үлесі – 1,7%- ды, ауыл шаруашылығы саласындағы қызмет 0,1%-ға жеткен.

Сонымен қатар, бүгінде тұтынушылар үшін негізгі өндірушісі жеке шаруашылықтар екен. Олардың үлесінде жалпы өнімнің 56,3% тұр. Ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының үлесі 14,9%- ды, шаруа қожалықтарының үлесі – 28,8%-ды құрап отыр.

Өнімдердің жалпы көлеміндегі едәуір үлес салмақты Бұқар жырау, Шет, Қарқаралы және Абай аудандары алады – тиісінше 17,6%, 14,9%, 12,5% және 11,4%.

Биылғы І жартыжылдықта өткен жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда ауыл шаруашылығы өнімдері көлемінің өсуі облыстың 17 өңірінде байқалады.

Нұрдос КӘРІМ,
«Орталық Қазақстан»

 

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button