Бас тақырып

Ауыл шаруашылығы санағы өтеді

Ел Үкіметі былтыр 29 желтоқсанда «2025 жылы Қазақстан Республикасының Ұлттық ауыл шаруашылығы санағын жүргізу туралы» қаулы қабылдаған еді. Қаулы осы жылдың 19 қаңтарында күшіне енеді.

Ауыл шаруашылығы санағы 2025 жылдың 1 тамызы мен 20 қазан аралығында өтеді.

Санақтың екі кезеңі бар: 1-31 тамыз аралығында интернет желісі арқылы онлайн режимде; 20 қыркүйек – 20 қазан аралығында елдімекендерді аралау арқылы.

Санақты өткізудің мақсаты – аграрлық сектордың дамуына болжам жасау және ауыл шаруашылығы саласының қазіргі шынайы жағдайы туралы толыққанды ақпарат алу.

Санақты жүргізген кезде орталық және жергілікті атқарушы органдардың қызметін үйлестіру арнайы құрылған комиссияға жүктеледі.

Айта кетейік, Қазақстанда осыған дейін Ұлттық ауыл шаруашылығы санағы бір рет 2006-2007 жылдары өткізілген.

Қасымхан БҮРКІТҰЛЫ,
Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button