Ауыл шаруашылығы санағы аясында 8 мыңнан астам өтініш қабылданды

Қазіргі таңда санақ онлайн форматта өтіп жатыр. Тамыз айының соңына дейін барлық ауыл шаруашылығы құрылымдары мен үй шаруашылықтары онлайн түрде sanaq.gov.kz ресми сайтында ауыл шаруашылығы санағынан өте алады.
Жедел кеңес алу үшін 1446 байланыс орталығы тәулік бойы жұмыс істейді. Сондай-ақ «Sanaq myrza» чат-боты мен сайттағы онлайн-консультант сияқты цифрлық байланыс арналары да қолжетімді.
Еске саламыз, санақтың екінші кезеңі 2025 жылғы 20 қыркүйектен 20 қазанға дейін өтеді. Бұл кезеңде интервьюерлер онлайн санақтан өтпеген үй шаруашылықтарын аралап, деректер жинайтын болады.
Ауыл шаруашылығы санағы – елдің аграрлық секторын тиімді дамыту үшін қажет сапалы статистиканы қалыптастыру мен ауыл шаруашылығы өндірушілері туралы деректерді өзектендіруде маңызды.
Аяулым СОВЕТ