Ресми

Ауыл шаруашылығы өндірушілеріне қаржыландырудың жаңа түрі ұсынылады

Қарағанды облысында ауыл шаруашылығы саласында 14 ірі инвестициялық жоба әзірленді. Оларды Солтүстік Қазақстан облысының агробизнесі мен мемлекет арасындағы өзара іс-қимылының ұқсастығы бойынша іске асыру жоспарлануда. Жобаларды қаржыландыру шарттары туралы Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаевтың Нұра ауданының ауыл шаруашылығы өндірушілерімен кездесуінде айтылды.

Суретті түсірген Еркебұлан Хадылбек

– Ауыл шаруашылығы министрлігіне облысымыздан 14 жоба ұсынылды. Іске асыруға 37,6 млрд. теңге қажет болады. Қаржыландыру «Сарыарқа» өңірлік ӘКК арқылы жүзеге асырылады. Мөлшерлеме жылдық 4%-дан аспайды. Мерзімі – 8 жылға дейін, екі жылдық дәлізі бар. Кепілдік талап етілмейді. Жабдық пен мал сатып алу ғана қаржыландырылады, олар кепілге алынады, – деді Қарағанды облысы Ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының өндіріс жөніндегі орынбасары Сырым Бошпанов.

Өңірде 11 сүт-тауар фермасы салынады. Олардың бірі Нұра ауданында 800 бас ірі қара малмен ашылады. Осының есебінен сүт өңдеу кәсіпорындары жұмыспен қамтамасыз етіліп, жаңа жұмыс орындары ашылады. Сонымен қатар, ішкі нарықта жергілікті өндірушілердің тауарлары көбірек болады.

Сондай-ақ Абай ауданында картоп қоймасы мен құс фабрикасын салуға қаражат бөлінеді. Бұқар Жырау ауданындағы ет бағытындағы құс фабрикасы жаңғыртылуда.

Облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button