Ресми

«Ауыл» партиясы президент сайлауына Жигули Дайрабаевтың кандидаттығын ұсынды

30 қыркүйекте «Ауыл» партиясының кезектен тыс ХХ съезі өтті. Съезд барысында саяси кеңес мүшелері партия атынан президент сайлауына қатысатын кандидатты ұсынды. 

«Ауыл» партиясының атынан кезектен тыс президент сайлауына Жигули Дайрабаев қатысатын болды.

Оның кандидатурасын офлайн қатысқан 67 депутат, өңірлерден онлайн қатысқан 22 делегат қолдады. Екі адам қарсы шықты. 

Съезде 67 жастағы Жигули Дайрабаевтың қызмет жолын «шопандықтан бастап, совхоз директоры, ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы, фермерлер қауымдастығының төрағасы қызметіне дейін» жүріп өткені жайлы айтылды.

 

Басқа материалдар

Back to top button