АймақШет

Ауыл медицинасы алға өрлеуде

Жыл сайын ел экономикасында болып жатқан өркенді өзгерістер денсаулық сақтау саласына, соның ішінде жергілікті деңгейде бастапқы медициналық-санитариялық мекемелердің жұмысына да оң өзгерістер әкеліп отыр. Президент тапсырмасымен мемлекеттік-жекеменшік әріптестіктің мүмкіндіктерін барынша пайдалану арқылы таяу жылдарда елдімекендерді денсаулық сақтау мекемелерімен және сапалы инфрақұрылыммен қамтамасыз ету міндетін қойды. Осы аптада Шет ауданында тағы үш елдімекенінде фельдшерлік-акушерлік пункттерінің ашылу салтанатының куәсі болдық.

Сурет автордікі

Ақшатау кентінде әлеуметтік маңызы бар нысанның ашылу салтанатында аудан әкімінің орынбасары М.Жұмкин, Киікті, Босаға ауылдарындағы өткен ашылу салтанатында аудан әкімінің орынбасары Д.Кәрсембаев, аудандық аурухана директоры А.Аманжоловтар сөз сөйлеп, салтанатқа жиналған ауыл жұртшылығына құтты болсын айтты.

Ауылдықтарды мәре-сәре қуа­нышқа кенелткен осындай игілікті істің алдағы уақытта да жалғасын табатынына сенімін білдіріп, мемлекеттің тұрғындардың денсаулығы үшін жасап жатқан қамқорлығына ардагерлер қауымы ал­ғысын жеткізді.

– Денсаулық сақтау – қоғамның әлеуметтік өмірінің маңыз­ды саласы. Денсаулық саласы еліміздің ұлттық саясатының басты бағыттарының бірі болып табылып отыр. Бүгінгі таңда денсаулық сақтау саласын жетілдіру үшін қомақты қаржы бөлінуде. Бұл ауылдағы ағайынның денсаулығына алаңдаған мемлекет басшысының елге деген ізгі бастамасы деп білемін. Дені сау ұлтқа айналу жолында еңбек етіп жатқан баршаңызға алғыс білдіремін, – деді Шет ауданының Құрметті азаматы Серік Қамбар ақсақал.

Сонымен қатар, әжелер тәттіден шашу шашып, жиналған көпшілік тұрғындардың көзайымына айналған ғимараттың ішіне еніп, бөлмелерін аралап көрді. Фельдшерлік-акушерлік пункттің бөлмелері кең, жылы да жайлы, жалпы мұнда денсаулық сақшыларының тиісті ем-дом көрсетуіне, тұрғындардың келіп, сапалы ем алуына толық жағдай жасалған.

Айта кетейік, биыл Шет ауданының 14 елдімекеніне осындай медпункттердің құрылысын салу жоспарлануда. Бұл ауыл халқының сапалы және уақытылы медициналық қызмет алуына үлкен септігін тигізбек.

Нұрдос КӘРІМ,
Шет ауданы
Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button