Ресми

Ауыл әкімдерін сайлауды ұйымдастыру мәселесі бойынша отырыс өтті

24 маусым күні Ортсайлаукомның ауылдық округтердің әкімдерін сайлауды ұйымдастыру және өткізу мәселелері жөніндегі отырысы өтті. Оған мемлекеттік қызмет істері агенттігінің, Бас прокуратураның, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің, әділет, қаржы, ішкі істер министрліктерінің, сондай-ақ саяси партиялардың өкілдері, бейнеконференциябайланыс режимінде облыстардың аумақтық сайлау комиссиялары, онлайн режимінде бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

Отырыстың күн тәртібіне келесі мәселелер шығарылды:

1. Қазақстан Республикасы аудандық маңызы бар қалаларының, ауылдарының, кенттерінің, ауылдық округтерінің әкімдерін сайлауды әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың үлгі күнтізбелік жоспарын бекіту туралы;

2. Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының кейбір қаулыларына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы;

3. Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамасының талаптарына сәйкестікті тексеру үшін аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімдігіне кандидаттардың аудандық (қалалық) сайлау комиссиясына ұсынатын құжаттарының тізбесі туралы;

4. Қазақстан Республикасы аудандық маңызы бар қалаларының, ауылдарының, кенттерінің, ауылдық округтерінің әкімдерін сайлау жөніндегі сайлау құжаттарының нысандарын белгілеу туралы;

5. Қазақстан Республикасы аудандық маңызы бар қалаларының, ауылдарының, кенттерінің, ауылдық округтерінің әкімдерін сайлауды қаржыландыру туралы, оның ішінде кандидаттардың шығыстары мәселелері бойынша;

6. Ауылдық деңгейдегі әкімдерді сайлау жөніндегі науқан кезеңінде электораттық оқытуды ұйымдастыру туралы және «Қазақстан Республикасы аудандық маңызы бар қалаларының, ауылдарының, кенттерінің, ауылдық округтерінің әкімдерін сайлау: сайлау процесінің құқықтық негіздері және сайлау комиссияларының жұмысын ұйымдастыру» оқу-әдістемелік кешені туралы;

7. Аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттердің және ауылдық округтердің әкімдерін сайлауды ұйымдастыру және өткізу кезінде COVID-19 коронавирустық инфекциясының таралуының алдын алу жөніндегі шаралар туралы;

8. Аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттердің, ауылдық округтердің әкімдерін сайлауды өткізу кезінде Қазақстан Республикасы аумақтық сайлау комиссияларының интернет-беттерімен жұмыс істеу және оларды сүйемелдеу жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы.

Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша

Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Ерлан Дауылбаев баяндама жасады.

Ол ауыл әкімдерінің сайлауын өткізу кезіндегі барлық деңгейдегі сайлау комиссияларының өкілеттіктері туралы егжей-тегжейлі баяндады, сондай-ақ әкімдерді сайлау кезіндегі Орталық сайлау комиссиясы өз өкілеттіктері шеңберінде аумақтық сайлау комиссияларына әдіснамалық көмек көрсететінін, Сайлау құжаттарының нысандарын белгілейтінін және сайлау іс-шараларын қаржыландыруды қамтамасыз ететінін атап өтті. Ауыл әкімдерінің тікелей сайлауын дайындау және өткізу аудандар мен қалалардың аумақтық сайлау комиссияларының ерекше құзыреті.

Баяндама аясында Ерлан Дауылбаев сайлау науқанының әрбір кезеңіне тоқталды. Осылайша, ол Қазақстан Республикасының Сайлау туралы Конституциялық заңына сәйкес сайлауды аумақтық сайлау комиссиялары кемінде 40 күн бұрын тағайындайды және өз қызметін атқарып отырған әкімнің өкілеттік мерзімі аяқталғанға дейін кемінде 10 күн бұрын өткізеді.

Әкімнің өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылған жағдайда, сайлау тағайындалған күннен бастап бір ай ішінде тағайындалады және бір ай мерзімде өткізіледі.

Кандидаттарды ұсыну сайлау тағайындалған күннен кейінгі күннен басталады және сайлау өткізілетін күнге он бес күн қалғанда жергілікті уақытпен сағат он сегізде аяқталады.

Кандидаттар келесі тәсілдер бойынша ұсынылуы мүмкін:

1) саяси партиялар өз мүшелері арасынан ұсынады. Бұл ретте саяси партия бір сайлау округінде бір ғана кандидат ұсынуға құқылы;

2) дауыс беруге құқығы бар тиісті округ сайлаушыларының жалпы санының кемінде 1%-ның қолдарын жинауды қамтамасыз ете отырып, өзін-өзі ұсыну арқылы жүзеге асырылады.

3) егер ұсыну аяқталатын күнге екіден кем кандидат ұсынылса, аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімі ұсынады.

Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімі болып сайлану үшін Қазақстан Республикасының азаматының жасы 25-ке толған, іс-әрекетке қабілетті, Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамасының талаптарына сәйкес, соттылығының және сыбайлас жемқорлық бойынша қылмысы, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасау фактілері болмауы керек.

Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкіміне кандидат өзін-өзі ұсынған жағдайда, дауыс беруге құқығы бар тиісті сайлау округі сайлаушыларының жалпы санының кемінде бір пайызы дауысының қолдауына ие болуы тиіс. Сайлаушыларды қолдау олардың қолдарын жинаумен куәландырылады.

Кандидаттарды тіркеу барлық қажетті құжаттарды алғаннан кейін басталады және сайлау күнінен 10 күн бұрын жергілікті уақытпен сағат он сегізде аяқталады.

Кандидаттардың сайлау алдындағы үгіті кандидаттарды тіркеу мерзімі аяқталған кезден, яғни сайлау күніне дейін 10 күн бұрын басталады және сайлау болатын күннің алдындағы күнгі жергілікті уақыт бойынша сағат 00-де аяқталады.

Сайлау қорытындыларын ауданның (қаланың) аумақтық сайлау комиссиясы үш күн ішінде анықтайды.

Басқа кандидаттармен салыстырғанда дауыс беруге қатысқан сайлаушылардың ең көп дауысын алған кандидат аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауылдық округтің әкімі болып сайланды деп есептеледі.

Ауданның (қаланың) аумақтық сайлау комиссиялары жеті күн ішінде сайланған әкімді тіркеуді жүзеге асырады.

Сайланған әкімнің өкілеттігі оны тиісті аумақтық сайлау комиссиясы тіркеген кезден басталады.

Отырыстың екінші мәселесі бойынша

Ортсайлауком мүшесі Серік Сыдықов сөз сөйледі. Ол аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттерді, ауылдық округтердің әкімдерін тікелей сайлауының енгізілуіне байланысты Ортсайлаукомның «Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының кейбір қаулыларына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» № 4/408 қаулысына мына мәселелер бойынша Ортсайлаукомның 11 қаулысына түзетулер енгізу көзделгенін хабарлады:

1) Арнаулы уақытша шот ашу және сайлау қорының қаражатын жұмсау қағидалары (ОСК-ның 1999 жылғы 7 тамыздағы № 19/222 қаулысы);

2) Бұқаралық ақпарат құралдары арқылы сайлау алдындағы үгітті жүзеге асыру және Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Парламенті, мәслихаттары депутаттарының, сондай-ақ өзге де жергілікті өзін-өзі басқару органдары мүшелерінің сайлауын ақпараттық қамтамасыз ету қағидалары (ОСК-ның 2007 жылғы 25 маусымдағы № 90/178 қаулысы);

3) Сайлау алдындағы пікірсайыстарды өткізу қағидалары мен шарттары (ОСК-ның 2018 жылғы 25 тамыздағы № 12/198 қаулысы);

4) Дауыс беру құқығын беретін есептен шығару куәліктерін беру және есепке алу қағидалары (ОСК-ның 2009 жылғы 8 сәуірдегі № 161/306 қаулысы);

5) Сенім білдірілген адамдарды тіркеу жөніндегі нұсқаулық (ОСК-ның 2011 жылғы 21 қарашадағы № 62/108 қаулысы);

6) Сайлау құжаттарын сақтау қағидалары (ОСК-ның 2014 жылғы 17 шілдедегі № 11/236 қаулысы);

7) Қазақстан Республикасының Президентін, Парламент Мәжілісі депутаттарын, мәслихаттар депутаттарын сайлау бойынша дауыс беруге арналған сайлау бюллетеньдерінің нысандары (ОСК-ның 2018 жылғы 23 тамыздағы № 11/192 қаулысы);

8) Дауыс беруге арналған сайлаушылардың тізімдерін қалыптастыру, сондай-ақ оларды сайлау комиссияларына ұсыну қағидалары (ОСК-ның 2018 жылғы 23 тамыздағы № 11/197 қаулысы);

9) Мерзімді баспасөз басылымдарының сайлау комиссияларының хабарларын республикалық және жергілікті бюджеттерде көзделген қаражат есебінен орналастыру қағидалары мен көлемі (ОСК-ның 2018 жылғы 25 тамыздағы № 12/201 қаулысы);

10) Кандидаттарға бұқаралық ақпарат құралдарына шығуы үшін қаражат бөлу қағидалары мен көлемдері (ОСК-ның 2018 жылғы 25 тамыздағы № 12/202 қаулысы);

11) Кандидатура алып тасталған, кандидат етіп ұсыну туралы шешімнің күші жойылған, кандидаттарды, партиялық тізімдерді тіркеу туралы шешімнің күші жойылған жағдайларда сайлау бюллетеньдеріне өзгерістер енгізу қағидалары (ОСК-ның 2018 жылғы 19 қыркүйектегі № 16/209 қаулысы).

Күн тәртібіндегі үшінші мәселе бойынша

Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының орынбасары Дархан Жазықбаев сөз сөйледі.

Ол аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округтері әкімдеріне кандидаттар Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамасының талаптарына сәйкестікті тексеру үшін аудандық (қалалық) сайлау комиссиясына мынадай құжаттарды ұсынатынын хабарлады:

1) Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

2) тізбеге қосымшаға сәйкес нысан бойынша аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің ауылдық округтің әкіміне кандидаттың қызметтiк тiзiмі;

3) еңбек кітапшасының көшірмесі;

4) білімі туралы құжаттардың көшірмелері.

«Болашақ» халықаралық стипендиясын иеленушілерге берілген білімі туралы құжаттарға «Халықааралық бағдарламалар орталығы» акционерлік қоғамы берген Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясы бойынша оқуды аяқтау туралы анықтаманың көшірмесі қоса беріледі.

Отырыстың төртінші мәселесі бойынша

Ортсайлауком аппаратының сайлау процесін ұйымдастыру бөлімінің меңгерушісі Дәурен Ысқақов баяндама жасады.

Ол «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңға сәйкес Ортсайлауком Қазақстан Республикасының аудандық маңызы бар қалаларының, ауылдарының, кенттерінің, ауылдық округтерінің әкімдерін сайлау жөніндегі сайлау құжаттарының нысандарын белгілейтінін хабарлады.

Осылайша, Ортсайлауком ауыл әкімдерін сайлау бойынша сайлау құжаттарының 16 нысанын дайындады.

Сайлау құжаттарының ұсынылып отырған нысандары сайлауға ұсыну, тіркеу және оның қорытындыларын белгілеу сияқты сайлаудың нақты кезеңдерінде сайлау комиссияларының ресімдік шараларын реттеуді көздеп отыр.

Күн тәртібіндегі бесінші мәселе бойынша

Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының хатшысы Сабила Мұстафина баяндама жасады.

Ол 2021 жылға арналған республикалық бюджет туралы заңда Ортсайлаукомға мерзімнен бұрын сайлау өткізуді ескере отырып аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттердің, ауылдық округтердің әкімдерін сайлауды қамтамасыз етуге және өткізуге ағымдағы жылдың соңына дейін 4,7 млрд.теңге сомасында шығыстар көзделген.

Содай-ақ, «Сайлау туралы» Конституциялық заңына сәйкес мемлекет кандидаттарға өз бағдарламаларымен бұқаралық ақпарат құралдарында төлем жасау үшін қаражаттың тең бөлінуіне кепілдік береді.

Осылайша кандидаттарға өз бағдарламаларымен бұқаралық ақпарат құралдарында сөз сөйлеу үшін қаражат бөлудің тең көлеміне: теледидарда (тікелей эфирде немесе жазбада) – 15 минут, радиода 10 минут, мерзімді баспа басылымдарында немесе екі мақаланы желілік басылымдарда жариялау үшін 0,1 баспа парағынан аспайтын мөлшерде қаражат бөлуге кепілдік береді.

Аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттердің, ауылдық округтердің әкімдігіне кандидаттарға кандидаттардың бұқаралық ақпарат құралдарына сөз сөйлеуіне, сайлау алдындағы жария іс-шараларды өткізуге және үгіт материалдарын шығаруға бөлінетін шығыстардың мөлшерін, көлік шығыстарын тиісті облыстық сайлау комиссиясы айқындайды.

Бюджетте ауыл, кент, ауылдық округ әкімдігіне кандидаттардың сайлау алдындағы үгітті жүргізуге бір кандидатқа 220 мың теңге және аудандық маңызы бар қала әкімдігіне кандидат үшін 230 мың теңге есебінен кандидаттық шығыстар, үй-жайды жалға алу шығыстарындағы айырма көзделген.

Қаражат қаржыландыру жоспарына сәйкес жергілікті атқарушы органдардың шоттары арқылы 14 облыс арасында бөлінетін болады. Өз кезегінде облыстық аумақтық сайлау комиссиялары қаражатты ауыл әкімдерін сайлауды өткізу жоспарланған аудандарға ғана бөлетін болады.

Аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдерін сайлауды қаржыландыру үшін шоттан қаражат жұмсау аумақтық сайлау комиссиясы төрағасының шешімі бойынша жүргізіледі.

Сайлау комиссияларының төрағалары ақшалай қаражатқа билік етеді және қаржылық құжаттардың қаржы мәселелері бойынша сайлау комиссияларының шешімдеріне сәйкестігі үшін тікелей жауапты болады.

Отырыстың алтыншы мәселесі бойынша

Ортсайлауком аппаратының электоралдық оқытуды ұйымдастыру және талдау бөлімінің меңгерушісі Махаббат Бөлеева баяндама жасады.

Ол Ортсайлауком аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттердің, ауылдық округтердің әкімдерін сайлауға дайындық кезінде электораттық оқытуды ұйымдастыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын әзірлеп, бекіткені туралы хабарлады.

Жоспар 14 облыстың әрқайсысында Электораттық оқытудың кезеңдік жоспарларын әзірлеу үшін негіз ретінде облыстық Тик-ке жіберілді. Электораттық оқытуды ұйымдастыру мен өткізу жергілікті бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.

Ауылдық деңгейдегі әкімдерді сайлау жөніндегі алдағы науқанға дайындық шеңберінде Ортсайлауком электораттық оқыту іс-шараларының кезеңдік кешенін іске асыруды бастады.

Орталық деңгейде – Ортсайлауком облыстық және аудандық аумақтық сайлау комиссияларының босатылған мүшелері үшін республикалық семинар-кеңес өткізді. Бұл семинар жұмысына облыс әкімі аппараттарының басшылары, ішкі саясат басқармаларының басшылары қатысты.

Өңірлік деңгейде – ағымдағы жылдың маусым айында аудандық деңгейдегі Аумақтық сайлау комиссиялары үшін каскадты оқытудың жалғасы ретінде облыстық аумақтық сайлау комиссиялары ұйымдастырған оқыту семинарларының сериясы өткізілді. Бүгінгі таңда өңірлерде 32 семинар өткізілді, оның барысында 3000-нан астам сайлау процесін ұйымдастырушылар оқытылды.

Сайлау процесін ұйымдастыру мен электоралдық оқытуды мониторингтеу мақсатында өңірлік семинарларға қатысу үшін ОСК мүшелері мен аппарат қызметкерлерінің 8 облысқа шығуы жүзеге асырылды. Облыстық оқыту семинарларына аудан әкімдері және олардың әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасарлары, аудан әкімдері аппараттарының, ішкі саясат бөлімдерінің басшылары, МҚІА, ҰҚК, прокуратура, ІІД, Әділет, көші-қон қызметі, әлеуметтік қорғау басқармаларының өкілдері, саяси партиялардың облыстық филиалдарының және БАҚ өкілдері қатысты.

М.Бөлеева өңірлер бойынша облыстық семинар-кеңестерден кейін мемлекеттік басқару академиясының өңірлік филиалдарының базасында Аумақтық сайлау комиссияларының және Учаскелік сайлау комиссияларының мүшелеріне арналған оқыту курстары басталғанын атап өтті.

Электораттық оқытуды ұйымдастырудың жеке бағыты – тұрақты түрде Аумақтық сайлау комиссияларының босатылған мүшелеріне арналған бейнеконференцбайланыс арқылы өткізілетін ОСК-ның семинарлары болып табылады. А.ж. маусымда алдағы сайлау науқанына дайындық барысында сайлау комиссиялары қызметінің практикалық және ұйымдастырушылық аспектілеріне арналған үш бейнеконференциябайланыс арқылы оқыту семинары өткізілді

Бұдан басқа Ортсайлауком Инженерлік-техникалық орталықпен бірлесіп ОСК-ның интернет-ресурсында орналастырылған «Сайлау саласының кадрларын қашықтықтан оқыту және тестілеу» интерактивті оқыту жүйесін жаңғырту бойынша шараларды іске асырды.

Орталық сайлау комиссиясының тапсырысы бойынша 2021 жылдың бірінші жартыжылдығында аумақтық және учаскелік сайлау комиссияларының мүшелерін сайлау процесінің құқықтық негіздеріне оқыту және Қазақстан Республикасы аудандық маңызы бар қалаларының, ауылдарының, кенттерінің, ауылдық округтерінің әкімдерін сайлауын өткізу кезінде сайлау комиссияларының жұмысын ұйымдастыру мақсатында оқу-әдістемелік кешенді кәсіби әзірлеу және сынақтан өткізу жүзеге асырылды.

Күн тәртібінің жетінші мәселесі бойынша

денсаулық сақтау министрлігі Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрайымы Айжан Есмағамбетова сөз сөйледі.

Ол отырысқа қатысушыларға аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттер мен ауылдық округтердің әкімдерін сайлауды ұйымдастыру және өткізу кезінде Covid-19 коронавирустық инфекциясының таралуының алдын алу алгоритмін ұсынды.

Алгоритмге сәйкес сайлау процесінің барлық қатысушыларына сайлау науқанының барлық кезеңдерінде, сондай-ақ дауыс беру күні мыналар қажет:

1) бір реттік медициналық немесе қорғаныш маскаларын (бұдан әрі – маскалар) кию режимін сақтау міндетті;

2) қолды дезинфекциялау үшін антисептикалық құралдарды пайдаланады;

3) адамдар арасындағы әлеуметтік қашықтықты сақтау – бір-бірінен кемінде 1,5-2 метр;

4) қол алысудан немесе тікелей байланыстың басқа да түрлерінен аулақ болу.

Сайлау алдындағы үгіт іс-шараларын теледидар, радио, баспа басылымдарын, интернет-ресурстарды пайдалана отырып, онлайн режимінде өткізу ұсынылады.

Дауыс беру күні сайлау комиссияларының мүшелері, сенім білдірілген адамдар, байқаушылар және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері сайлау учаскесіне вакцинация паспорты болған кезде жіберіледі. Вакцинация үшін медициналық қарсы көрсетілімдер болған жағдайда берілген күнінен бастап 3 тәуліктен аспайтын уақыт өткен ПТР әдісімен COVID-19-ға тесттің теріс нәтижесі болған кезде жол беріледі.

Аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттердің және ауылдық округтердің әкімдерін сайлауды ұйымдастыру және өткізу кезінде COVID-19 коронавирустық инфекциясының таралуының алдын алу жөніндегі алгоритм туралы қаулы Ортсайлауком хаттамасымен келісілді.

Отырыс күн тәртібінің қорытынды мәселесі бойынша

Ортсайлауком мүшесі Анастасия Щегорцова баяндама жасады.

Оның баяндамасына сәйкес ауыл әкімдерін сайлау жөніндегі сайлау науқаны кезеңінде аумақтық сайлау комиссиялары ақпараттың иеленушілері болып табылады және тиісінше олар ақпараттың негізгі көзі.

Сайлау заңнамасында сайлау комиссиялары жалпыға қолжетімді телекоммуникациялық желілерде орналастырылатын өз шешімдерімен барлық адамдардың еркін танысуын қамтамасыз етуге тиіс деп белгіленген. Сондықтан аумақтық сайлау комиссияларының интернет-парақтары негізгі ақпараттық арна болып табылады.

Ақпараттық қамтамасыз ету процесін жетілдіру, сондай-ақ аумақтық сайлау комиссияларының сайлау науқанының кезеңдерін жария етуге бірыңғай тәсілдерін тұжырымдау мақсатында Ортсайлауком аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттердің, ауылдық округтердің әкімдерін сайлауды өткізу кезінде Қазақстан Республикасы аумақтық сайлау комиссияларының жұмыс істеуі және интернет-парақтарын сүйемелдеу жөніндегі нұсқаулықты дайындады.

Нұсқаулық аумақтық сайлау комиссияларының интернет-парақтарды толтырудың бірыңғай форматы, ақпаратты орналастыру мерзімдері мен мазмұны бойынша бірыңғай жұмыс алгоритмін көздейді.

Нұсқаулықта интернет-беттердің құрылымы, сондай-ақ жариялануға жататын әкімдерді сайлау жөніндегі ақпараттық материалдардың тізбесі айқындалған. Бұл тізбе сайлау комиссияларының барлық шешімдері мен хабарламаларын жариялауды, сондай-ақ сайлау комиссияларының қызметі мен сайлау науқанының барысы туралы өзге де ақпараттық материалдарды көздейді.

А.Щегорцова сайлау заңнамасының нормалары негізінде қабылданған Аумақтық сайлау комиссияларының барлық шешімдері тиісті Аумақтық сайлау комиссиясының интернет-беттерінде міндетті түрде заңда белгіленген мерзімде орналастырылатынын атап өтті.

Нұсқаулықта кандидаттарды тіркеу қорытындылары мен сайлау қорытындылары туралы ақпарат тек аудандық және қалалық деңгейлерде ғана емес, сонымен қатар облыстық және республикалық деңгейлерде де облыстық Аумақтық сайлау комиссияларының интернет-беттері мен Орталық сайлау комиссиясының интернет-ресурсы арқылы ұсынылып, жинақталатын болады.

Осылайша, Ортсайлауком отырысында қаралған сегіз мәселе бойынша ОСК-ның үш қаулысы қабылданды:

1. «Қазақстан Республикасы аудандық маңызы бар қалаларының, ауылдарының, кенттерінің, ауылдық округтерінің әкімдерін сайлауды әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың үлгі күнтізбелік жоспарын бекіту туралы»;

2. «Қазақстан Республикасы аудандық маңызы бар қалаларының, ауылдарының, кенттерінің, ауылдық округтерінің әкімдерін сайлау жөніндегі сайлау құжаттарының нысандарын белгілеу туралы»;

3. «Аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттердің, ауылдық округтердің әкімдерін сайлауды өткізу кезінде Қазақстан Республикасы аумақтық сайлау комиссияларының интернет-беттерімен жұмыс істеу және оларды сүйемелдеу жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы».

Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының Баспасөз қызметі

Басқа материалдар

Back to top button