АймақШет

Ауыл көркейіп келеді

Кеншоқы ауылында тұрғындардың өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған жұмыстар жалғасуда.

Суреттер ұйымдастырушылардан

Жақында «Алмалы» кен орнының «Қызыл Арай Коппер» ЖШС директоры Асхат Мұратқалиұлының қолдауымен ауылға жедел жәрдем көлігі сыйға тартылды.

Көлік медициналық қызметтерге қолжетімділікті арттырып, шұғыл жағдайларда көмек көрсету жылдамдығын қамтамасыз етеді.

Сондай-ақ, ауыл тұрғындары үшін аса маңызды инфрақұрылымдық мәселе ше­ші­мін тауып, Шабанбай би көшесіндегі 25 тұрғын үй таза ауыз сумен қамтамасыз етілді. Бастама ауылдың ахуалын жақсартуға бағытталған маңызды қадамдардың бірі ретінде ерекше мәнге ие.

Аяулым СОВЕТ,
Шет ауданы
Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Back to top button