Бас тақырыпБасты тақырып

Ауыл имамдары емтихан тапсырды

Қарағандыда С санатындағы аудан және ауыл имамдарының білім жетілдіру мақсатында семинар емтиханы өтті. 

Арнайы емтиханды Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешітінің ұстаздары, ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша «Уағыз-насихат» бағытының жауапты меңгерушісі Бауыржан Мейімбекұлы және «Діни оқу-ағарту» бөлімінің жауапты маманы Сұлтан Аманжолұлы жүргізді.

Семинарда имамдар діни білімін жетілдірді. Кәсіби шеберлігін арттырып, сондай-ақ қазіргі қоғам талабына сай мешіт қызметін тиімді ұйымдастыру бағытында тәжірибелік сабақтар мен түсіндірме дәрістер тыңдады. 

Екі күнге созылған оқыту семинарында Қарағанды облысының бас имамы Естай Айтуғанұлы имамдарға арнайы сертификаттар табыстады. 

Жамал АКПАРОВА

Басқа материалдар

Back to top button