«Ауыл – Ел бесігі» жобасы – үкімет бақылауында
Премьер-Министр Асқар МАМИННІҢ тапсырмасы бойынша жұмыс сапарымен Қарағанды облысына «Ауыл – Ел бесігі» жобасының іске асырылуы барысымен танысу үшін вице-премьер Ералы ТОҒЖАНОВ келіп қайтты. Жоба ауылдағы өмір сапасын арттыруға бағытталған. 2025 жылға дейін еліміздің ауыл тұрғындарының 80%-ын қамту көзделіп отыр.
Облыста «Ауыл – Ел бесігі» 179 ауылда жүзеге асырылуда. Жоспар негізінде 140 нысан салынып, жаңғыртылады. 2019-2020 жылдары тұрғын үй-коммуналдық, әлеуметтік және спорттық-сауықтыру инфрақұрылымы салаларында 73 жоба аяқталды. Биыл 60 жобаны іске асыруға 6,4 млрд. теңге бөлінді. Ералы Тоғжанов облыс әкімі Жеңіс Қасымбекпен бірге Нұра және Осакаров аудандарындағы салынып жатқан нысандармен танысты. Білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік инфрақұрылым мекемелерінде болды.
Биыл Нұра ауданында 4 ауыл мен 2 кенттің жолдары жөнделіп, демалыс саябағын қайта құру жұмыстары жүргізілді. Премьер-Министрдің орынбасары ауыл тұрғындары үшін қолайлы орта құруда республикадағы үздік отыздықтың қатарына енген Шахтёрский ауылында болды. Мұнда заманауи жүзу бассейні мен дене шынықтыру-сауықтыру кешені салынған. Ералы Тоғжанов Нұра кентінде ересектерге де, балаларға да бос уақытын өткізуге мүмкіндік жасалған жаңартылған саябақты аралап көрді. Ол «Ауыл – Ел бесігі» жобасы арқылы жөндеу көрген.
Осакаров ауданында жоба бойынша орталық және кентішілік көшелер асфальтталды. Жол инфрақұрылымын жақсарту жалғасуда. Ауданда жеті әлеуметтік маңызды жоба жүзеге асырылуда. Осакаровка кентінің мектебінде 700-ге жуық оқушы қосымша біліммен қамтылған. Вице-премьер Молодежный кентінде де болды. Мұнда 18 көше ретке келтіріліп, спорт кешені, мектеп және мәдени-демалыс орталығы жөндеу көреді. Сондай-ақ, Ералы Тоғжанов Нұра және Осакаров аудандарының тұрғындарымен кездесіп, «Ауыл – Ел бесігі» жобасын жоғары бағалап, ел басшылығына алғысын білдірді.
– Жұмыс сапарымның мақсаты – «Ауыл – Ел бесігі» жобасының қаншалықты тиімді жүзеге асырылып жатқанын объективті түрде көру. Бүгін мен облыста қойылған міндеттердің орындалғанын көрдім, ауыл тұрғындарының өмірін жақсартуға бағытталған жұмыстар жүріп жатыр, – деп атап өтті Ералы Тоғжанов.
Облыс әкімінің баспасөз қызметі.