Бас тақырып

Ауыл еңбеккерлерінің қажырлы еңбегі – облыстың аграрлық дамуының негізі

Құрметті ауыл шаруашылығы, тамақ және өңдеу өнеркәсібі қызметкерлері және сала ардагерлері!

Суретті түсірген Жангелді ӘБДІҒАЛЫМ

Сіздерді кәсіби мереке – Ауыл шаруашылығы қызметкерлері күнімен шын жүректен құттықтаймыз!

Ауыл шаруашылығы әрқашан аймақ экономикасының негізгі тірегі болып келген және болашақта да солай қала бермек. Ауыл еңбеккерлерінің табанды еңбегі, фермерлік шаруашылықтардың дамуы, инновациялардың енгізілуі мен мемлекеттік қолдаудың арқасында өңірдің аграрлық саласы тұрақты әрі сенімді түрде дамып келеді.

Бүгінде егіс алқаптарында өнімділігі жоғары техника жұмыс істейді, шығарылатын өнімнің сапасы артып, жергілікті шаруашылықтарды дамытуға жаңа мүмкіндіктер ашылуда.

Құрметті ауыл шаруашылығы саласының еңбеккерлері! Сіздердің қажырлы еңбектеріңіздің арқасында еліміздің азықтүлік қауіпсіздігі мен тұрақты дамуы қамтамасыз етіліп отыр. Сіздердің жауапкершіліктеріңіз бен тәжірибелеріңіз – саланың серпінді дамуының кепілі.

Күнделікті маңдай тер еңбектеріңіз бен мамандыққа адалдығыңыз үшін шынайы ризашылығымызды білдіреміз. Сіздерге зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық, еңбекте табыс пен жаңа жетістіктер тілейміз! Еліңіздің игілігі жолындағы еңбектеріңіз жемісті болсын!

Ермағанбет БӨЛЕКПАЕВ,
Қарағанды облысының әкімі

Нұркен КОБЖАНОВ,
Қарағанды облыстық мәслихатының төрағасы

Басқа материалдар

Back to top button