Бас тақырыпБасты тақырып

«Ауыл береке – 2025»: Жәрмеңкедегі бағалар бірнеше есе төмен

Қарағандыда облыстық ауылшаруашылық жәрмеңкесі өтуде. Ертеңгілік уақыттың өзінде базарға ағылған халық көп болды. Жәрмеңкеде сатылатын өнімдер облыс және қала, аудан, ауыл тауар өндірушілерінің ауыл шаруашылығы, ет-сүт және өнімдері орташа нарықтық бағадан бірнеше есе төмен бағамен сатылуда. Әкелінген өнімнің басым бөлігі сатылып кетті.

Суретті түсірген автор

Атап айтсақ, қолдың майы – 5500 теңге, қаймақ – 1700 теңге, қызыл ірімшік – 2600 теңге, құрт – 3500 теңге, қымыз – 1500 теңдеген ұсынылуда. Ал, жылқының еті – 2900 теңге, қақталған балықтың бағалары 1000 теңгеден басталады.

– Ақтоғай ауданының Еңбек ауылынан 400 келі ет келді. Әзірге 200 келі ет саттық. Бүгінгі жәрмеңкеде бағалар бірнеше есеге төмендетіп қойылған. Халықтың көңіл-күйі жақсы.

Жәрмеңкелер қыс келе жатқанда тұр­ғындарға жағдайын дұрыстап алуға мүмкіндік береді. Өнім өндірушілер өнімдерін өз уақытында тиімді саудалай алады, – дейді “Дархан” шаруақожалығының өкілі  Гүлхан Смағұлова. 

Айта кеткен жөн, «Ауыл-береке-2025» жәрмеңкелері алдағы уақытта 27 қыркүйекте, 4, 18 қазанда  және 1 қарашада сағат 9:00-де «Global City»  сауда үйі маңында  (134-ші есептік тоқсан, 921-құр.) өтеді. 

Жәлел ШАЛҚАР

“Ortalyq Qazaqstan”

Басқа материалдар

Back to top button