Бас тақырыпЖаңалықтар

«Ауыл береке-2024» ауылшаруашылығы жәрмеңкесі өтті

Өткен сенбіде Қарағандыда биылғы жылғы бірінші облыстық «Ауыл береке-2024» ауылшаруашылығы жәрмеңкесі өтіп, онда 130 тонна өнім сатылды.

Сурет:Қарағанды қаласының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінен

Жәрмеңке Global City сауда орталығының аумағында өтті. Жәрмеңкеге жеті ауылдық округтен, сондай-ақ облыстағы және Қарағандыдағы өңдеуші кәсіпорындардан ауылшаруашылығы тауарын өндірушілер қатысты. Қала тұрғындары 52 тонна ет, 32 тонна картоп, 10 тонна көкөніс, 16 тонна сүт өнімдері, 8 тонна балық және балық өнімдерін, 175 мың дана жұмыртқа және 10 тонна басқа да өнімдерді төмен бағада сатып алды.

Ілияс ДҮНГЕНБАЙҰЛЫ

 

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button