Бас тақырып

«Ауыл аманаты» бағдарламасы: несие беруге арналған онлайн-платформа іске қосылды

«Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында жеңілдікті несие алуға өтінім енді Amanatnesie.kz платформасында онлайн қабылданады. Бұл туралы Қарағанды облысының ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы мәлімдеді.

Суретті түсірген Жангелді ӘБІДҒАЛЫМ

Платформада несиелеу талаптарымен танысып, өтінімді электронды форматта жолдауға, қажетті құжаттарды тіркеуге және өтінімнің қаралу барысын бақылауға мүмкіндік береді.

Сервисте көрсетілген ақпаратқа сәйкес, өтінімді толтыруға шамамен 10 минут қажет, ал оны қарау мерзімі – 15 жұмыс күні.

Естеріңізге сала кетейік, «Ауыл аманаты» бағдарламасын ауыл тұрғындарының табысын арттыру және кәсіпкерлік бастамаларды қолдау мақсатында жүзеге асырылуда. Бағдарлама бойынша қаржыландыру 2,5% жылдық мөлшерлемемен беріледі, несие мерзімі – 5-7 жыл. Жеке тұлғалар мен жеке кәсіпкерлер 2,5 мың АЕК-ке дейін, ал кооперативтер 8 мың АЕК-ке дейін несие ала алады.

Қосымша сұрақтар бойынша Call-орталыққа жүгінуге болады: +7-717-272-53-88.

Материалды әзірлеген Аида РАХЫМҚҰЛОВА

Басқа материалдар

Back to top button