Жаңалықтар

Ауыл-аймақтарда интернет неге нашар?

Еліміздегі ауыл-аймақтарда интернет сапасы не себепті төмен? Бұл туралы Цифрлық даму, инновация және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Асхат Оразбеков түсіндірді, – деп хабарлайды Ortalyq.kz BAQ.KZ-ке сілтеме жасап.

– Былтыр мобильдік  интернет сапасына қатысты 532 шағым түсті. Ал біздің елде 26 млн түрлі смартфон, бірнеше компьютері бар желі қолданушылары бар. Статистикаға қарап, интернет сапасына қатысты 532 шағымның аз екенін көреміз. Жалпы, шағым барлық аймақта бар. Біз бірқатар өңірдің географиялық орналасуының күрделі екендігін түсінуіміз қажет. Ондай өңірлер – Қарағанды, Ұлытау облыстары, Қостанай, Шығыс Қазақстан, Түркістан облыстарының кей жерлері. Жер бедері күрделі болған кезде операторларға интернеттің қолданыстағы технологияларын жеткізу өте қиын. Сондықтан ол жерлерге интернет спутник арқылы беріледі, – деді  Цифрлық даму, инновация және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі.

Вице-министрдің айтуынша,  спутник арқылы берілген интернет сапасы төмен болады.

Бүгінде мұндай мыңнан астам локация бар.  Бұл локацияларда негеостанционарлы спутниктік технологияны пайдалану арқылы қамти аламыз. Бұл технологияның трафик сапасы біршама жақсы. Жалпы, ол тұрғыны 200 адамнан аспайтын шағын елді мекендерді сапасы жақсы интернетпен қамту үшін жеткілікті, – деді Асхат Оразбек.

Басқа материалдар

Back to top button