Бас тақырыпДенсаулық

Ауылға барған дәрігерге 8,5 миллион теңге беріледі

“Дипломмен ауылға!” жобасы арқылы медицина қызметкерлеріне түрлі жеңілдіктер ұсынылуда деп хабарлайды Ortalyq.kz тілшісі BAQ.KZ сайтына сілтеме жасап. Денсаулық сақтау вице-министрі Тимур Мұратовтың айтуынша, ауылдық денсаулық сақтау ұйымдарына биыл 1009 медициналық маман жұмысқа орналасты.

Сурет облыстық денсаулық сақтау басқармасынан

Вице-министрдің сөзіне сүйенсек, 2024 жылдан бастап ауылға барған тапшы мамандық иелеріне 100 ең төменгі жалақы мөлшерінде, яғни шамамен 8,5 миллион теңге көлемінде біржолғы төлем беріледі. 

Ал 2026 жылға қарай кадр тапшылығы аса өткір сезілетін өңірлерде дәрігерлерді тұрғын үймен қамтамасыз ету мәселесі шешімін табуы жоспарланған.

Аяулым СОВЕТ

Басқа материалдар

Back to top button