«Аулаңызда әткеншек сынып, жарық жанбай ма?» Бір қоңырау бәрін шешеді!
Аулада баламен серуендеп жүрсіз. Бір әткеншек сынып тұр, ал кешке жарық шам жанбайды. Көріп тұрсыз қаланың көркін кетіріп тұр. Бірақ көпшілік секілді «Бұны кімге айту керек өзі?» деген ой сізді де мазалайды.

Ал, шын мәнінде, бәрі өте оңай. Ауладағы кез келген ақау туралы хабарды бір ғана нөмірге – 109-ға хабарлап, немесе Senim109.kz сайты арқылы өтініш бере аласыз. Бұл қызметке қала тұрғындары жарық шамдарының істен шығуы, балалар алаңдарының бұзылуы, тазалық пен көгалдандыру, тротуар мен кәріз жүйесіндегі ақаулар сияқты кез келген мәселе бойынша хабарласа алады.Өтініш автоматты түрде тиісті бөлімге жолданып, мәселе қаралады.
Мамандардың айтуынша, тұрғындардың осындай белсенділігі қаланы таза, қауіпсіз және жайлы етуге тікелей әсер етеді. Сондықтан, егер аулаңызда бірдеңе сынғанын байқасаңыз – бей-жай қалмаңыз.
Жамал АКПАРОВА