Жаңалықтар
Қауіпсіздік мәселесі – басты назарда
Ертең облыс аумағында боран соғып, тұман түседі деп күтілуде. Сонымен қатар, екпіні 20 м/с дейін жететін жел тұрады. Осыған байланысты облыстық төтенше жағдайлар департаментінің мамандары облыс тұрғындарын қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауға шақырады.

Департамент мамандарының мәліметінде:
– Елді мекендерден тыс жерлерге шығудан және серуендеуден бас тартыңыз. Жол жабылған аймақтарда көлік кептелісін жасамау қажет. Жол бойындағы учаскелерде қолайсыз ауа-райын күтіңіздер. Төтенше жағдайлар департаментінің ресми парақшалары мен әлеуметтік желілердегі жолдардың жабылуы, көлік қозғалысының шектелуі немесе ашылуы туралы ақпаратты қадағалаңыздар, – делінген.
Ербол ЕРБОЛАТ,
Ortalyq.kz