Ресми

Қауіпсіздік – басты талап

2706 сайлаушы тіркелген №77 сайлау учаскесінде санитарлық жұмыстар қатаң сақталуда. Белгіленген тәртіпке сәйкес, дауыс беруге келген адамдардың дене қызуы өлшеніп, қолдарын залалсыздандырумен қатар, уақыт бойынша кварцтеу де жүргізілуде.

Сайлау комиссиясының төрағасы Ардақ Қарашева «Таңғы жетіде сайлау учаскесін аштық. Бізде барлығы 2706 сайлаушы тіркелсе, түскі сағат бірге дейін 1016 адам дауыс берді. Одан бөлек, 10 бақылаушы бәрін назарда ұстап отыр. 18 адам үйден дауыс алуға өтініш тапсырды. Сайлау жәшігі мен бюлеттенді алып бір топ қызметкерлеріміз дауыстарын алып келуге кетті» дейді.

Ал, №76 сайлау учаскесінде карантиндік талаптарға сай қызметкерлер маска, антисептиктермен қамтылған, келгендердің дене температурасы тексеріледі.

Учаскелік сайлау комиссиясының төрағасы Светлана Керімбекованың айтуынша, халықтың белсенділігі жоғары. Таңғы жеті болмай дауыс беруге асыққан белсенді сайлаушыларға арнайы сыйлықтар табысталған.

Әдебиет ЖҰМАНОВ.

Басқа материалдар

Back to top button