Жаңалықтар

Қауіпсіздік – басты талап

«Жастар рухы» жастар қанаты мен облыстың төтенше жағдайлар департаменті бірлесіп «Қауіпсіз қала» акциясын жүргізуде. Шара «AMANAT» партиясының «Бақытты отбасы» жобасы аясында қолға алынды.

«Жастар рухы» жастар қанатының өкілдері қаладағы бірнеше ойын алаңын тексерді. Нәтижесінде бірқатар кемшіліктер анықталды. Атап айтқанда, газондар дұрыс бекітілмеген, қоршаулар сынуға жақын. Одан бөлек, ашық құдық пен қураған ағаштар жетерлік. Жастар қанатының өкілдері екі ай бұрынғы қайғылы оқиға қайталанбауы тиіс дейді.

– Мұндай кемшіліктің барлығы қоғамның назарында болуы тиіс. Бекітілмеген газоннан екі баланың зардап шеккені бәріміздің есімізде. Сол кезде облыс әкімі барлық ойын алаңдарын тексеруді тапсыр­ған еді. Акция аясында алдағы уақытта басқа да ойын орындары мен аулаларды тексеріп, анықталған олқылықтарды құзырлы орындарға хабарлаймыз, – деді облыстың жастар ресурстық орталығы директорының орынбасары Жасұлан Хамитов.

Сондай-ақ, шара барысында төтенше жағдайлар департаменті қызметкер­лері көпбалалы және аз қамтылған от­басылардың үйлерінде пештен шығатын көмірқышқыл газын анықтайтын құрылғыларды да тексереді. Шара ай соңына дейін жалғасады.

Жансая ОМАРБЕК,
Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button