Медицина

Қауіп сейілген жоқ

Қазіргі уақытта індеттің өршуі бәсеңдеп, тұралаған экономика жанданып, дами түсті. Дегенмен, қауіп сейілген емес. Денсаулық сақтау министрлігі баспасөз қызметінің мәліметінше, бүгінгі таңда 1664 адам коронавирустан емделуде.

Облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің мәліметінше, аймақта коронавирус инфекциясының 572 жағдайы тіркелді. Оның ішінде, 554 жағдай симптомды, 18 жағдай аурудың клиникалық белгілерінсіз.

Пандемия басталғаннан 19 ақпанға дейін COVID-19-дың 163 662 расталған жағдайы (Ұлытау облысымен бірге) анықталып, оның ішінде, Қарағанды облысы аумағында барлығы 162 466 жағдай тіркелген.

Қарағанды облысында соңғы тәулікте 9 науқас анықталды. Жалпы, тәулігіне орта есеппен 16 жағдай тіркелуде. Облыс – «жасыл» аймақта. Сырқаттанушылық деңгейі алдыңғы аптамен салыстырғанда 7,9% төмендеді.

Сағыныш ӘБІЛ.

Оrtalyq.kz  

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button