Бас тақырыпСпорт

Аударыспақ: ел қоржынына екі алтын, бір күміс түсті

Бүгін аударыспақтан үш салмақ бойынша жеңімпаздар анықталды.

Сурет: “Хабар” телеарнасынан

100 келі салмақта сынға түскен отандасымыз Сырым Ізбасаров финалда моңғол спортшысы Ерболат Жеңісбекті жеңіп, алтын медаль еншіледі. 

Сондай-ақ, 100 келіден жоғары салмақта бақ сынаған қазақстандық Біржан Қосалиев ақтық сында Қырғызстан спортшысы Күмушбек Қыдырәлиевті жеңіп, алтынға қол жеткізді.

90 келі салмақта сынға түскен отандасымыз Есімхан Рахматіллә финалда Қырғызстан спортшысы Ислам Бердібекуулынан жеңіліп, күміс медаль алды.

Материалды әзірлеген Аида РАХЫМҚҰЛОВА

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button