АймақБұқар жырау

Ауданда автокөпір салынады

Бұқар жырау ауданы Ғабиден Мұстафин ауылында Нұра өзені үстімен автокөпір салынады. Жұмыс барысын ауыл тұрғындары бақылайды. Олар өз ескертулері мен ұсыныстарын Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаевпен кездесу барысында айтты.

Суреттерді түсірген Жангелді ӘБДІҒАЛЫМ

Аймақ басшысы жұмыс сапарымен Бұқар жырау ауданына барды. Ботақара кентінің Мәдениет үйінде тұрғындармен кездесіп, аймақты ауыз сумен қамтамасыз ету, жол жөндеу, ЖТҚ (жеке тұрғын үй құрылысы) үшін инженерлік инфрақұрылым салу және үйлерді қалпына келтіру секілді аудан дамуының басым бағыттарын атап өтті.

Дәстүр бойынша кездесу баяндамасыз, сұрақ-жауап түрінде өтті. Ауыл тұрғындарын ең алдымен ТКШ, жол жөндеу және тұрғын үй мәселелері толғандырды. Шалғайдағы ауыл тұрғындары байланыс­тың нашарлығы мен жайылымның жоқтығына шағымданды.

Биыл ауданда мал шаруашы­лығын дамыту бойынша пилоттық жоба жүзеге асырылуда. Көкпекті, Белағаш, Тоғызқұдық, Ростов ау­ыл­­дық округтерінде, Баймырза ау­ылдық округінде және Жаңаталап кентінде шалғайдағы жайылымдарды пайдалану үшін қажетті инфра­құрылым құрылатын болады. Жоба аяқталу сатысында.

Ғабиден Мұстафин кентінің жер­­гілікті өзін-өзі басқару өкілі Нұра арқылы өтетін автомобиль кө­пірін салу мәселесін көтерді.

Өңір басшысы тұрғындарға ауыл тіршілігіне жанашырлық танытқаны үшін алғысын білдірді:

– Сіздердің бақылауларыңыздан артық ештеңе жоқ. Жағдайды бақылап отырғандарыңыз жақсы. Ал құрылысқа жауаптыларға келетін болсақ, сіздер халықпен жұмыс істеу­ді үйренулеріңіз керек, түсініспеушіліктер болмауы үшін бәрін егжей-тегжейлі түсіндіруге тиіссіздер, – деді Ермағанбет Бөлекпаев.

Халықпен кездесуден бұрын аймақ басшысы Доскей ауылында болды. Мұнда «Ауыл – Ел бесігі» бағдарламасы бойынша Мәдениет үйі салынып жатыр және су желілерін қайта жаңғырту жұмыстары іске асырылуда. Қазірдің өзінде 1,8 км су құбыры желісі салынған. Сорғы мен БӨП (бақылау-өткізу пунктіне) арналған шұңқырлар қазылды. Төрт ұңғыма бұрғыланды, сорғы станциясының қоршауы орнатылды.

Сондай-ақ, Қушоқы су құбыры желілерін қайта жаңарту жұмыс­тары жалғасуда. Ақжар мен Астаховкада су құбырының құрылысы, Трудовой ауылында қайта құру басталды. Аудандық бюджет есебінен Суықсу, Төрткөл, Семізбұға және Үлгі ауылдарын сумен қамтамасыз ету жұмыстары аяқталады.

2023 жылдың соңына қарай ау­данның 60 елді мекені немесе халықтың 98,9%-ы орталықтандырылған сумен қамтамасыз етіледі.

Ауыл тұрғындарының өтіні­ші­мен Доскей ауылында Мәдениет үйі салынып жатыр. Құрылысы былтыр басталған ғимаратта 200 орындық көрермен залы, үйірме жұмысымен айналысуға арналған кабинеттер болады. Монолитті іргетас құйылды, су құбыры, сыртқы электр желілері тартылды, трансформаторлық қосалқы станция орнатылды. Қазір құрылысшылар монолитті бағандар­ды құйып жатыр. Мәде­ниет үйі 2024 жылдың соңында пайдалануға беріледі деп жоспарлануда.

Сонымен қатар, Тұзды, Қушоқы және Ақтөбе ауылдарында клуб жөнделеді. Ауданның жолына назар аударылуда. Ауданның 15 елді мекенінде 50 шақырым жолды жөндеу­ге қаражат бөлінді. Заречное және Красная Нива ауылдарына кірме жолдар да жөнделеді.

Кездесуден кейін Ермағанбет Бөлекпаев тұрғындарды жеке мә­селе­лері бойынша қабылдады.

Гүлнұр СЕРІКЖАНҚЫЗЫ,
Суреттерді түсірген Жангелді ӘБДІҒАЛЫМ
Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button