АймақБұқар жырау

Аудан әкімі спортшылармен кездесті

Ғабиден Мұстафин кентінде аудан әкімі Ерлан Құсайын спортшылармен және сала мамандарымен кездесті.

Суреттер ұйымдастырушылардан

Жиынға Олимпиада чемпионы, облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Сәпиев Серік Жұманғалиұлы, Қарағанды облыстық мәслихатының депутаты, облыстық спорттық және әскери самбо федерациясының президенті Халилин Ерден Балтабайұлы, Қарағанды облысының көкпар федерациясының президенті Шайхин Нұржан Жетпісбайұлы, жаттықтырушылар, спорт жанашырлары және белсенді жастар қатысты.


Кездесу барысында бұқаралық спортты дамыту, спорттық инфрақұрылымды жетілдіру және жастарды спортқа тарту мәселелері талқыланды. Аудан әкімі өңірде жүзеге асырылып жатқан жобалар туралы баяндап, болашақта спорт саласына ерекше көңіл бөлінетінін атап өтті.



Жиын барысында спортшылар өз ұсыныстарын жеткізіп, спортты дамыту бағытында пікір алмасты. Сонымен қатар, спорт саласының дамуына үлес қосқан азаматтарға аудан әкімінің арнайы сертификаттары мен алғыс хаттары табысталды.

Аудан басшылығы алдағы уақытта спорттық инфрақұрылымды кеңейту, жаңа спорт нысандарын салу және жастардың спортпен шұғылдануына жағдай жасау жұмыстарын жалғастыратынын атап өтті.

Ержан ИМАШ,
Бұқар жырау ауданы
Суреттер ұйымдастырушылардан

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button