Ресми

АУДАН – ДАМУДЫҢ ДАҢҒЫЛ ЖОЛЫНДА

Құрметті аудан тұрғындары!

Өткен жыл Ұлы Жеңістің 75 жылдығы, Қазақстан Республикасы Конституциясының 25 жылдығы, Қазақстан халқы Ассамблеясының 25 жылдығымен ерекшеленді. Сонымен қатар, біз өткен жылы Әбу Насыр әл-Фарабидің туғанына – 1150 жыл, Алтын Орданың 750 жылдығы мен Абай Құнанбайұлының 175 жылдығын атап өттік.

 

2020 жылдың тағы бір маңызды оқиғасы – Президент Қ.Тоқаевтың Үкімет пен жергілікті атқарушы органдар алдындағы ағымдағы жылға нақты міндеттер белгілеген «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Жолдауы болды. Бұл, бірінші кезекте экономиканы жоспарлы дамыту, пандемия және індеттен кейінгі кезеңде азаматтардың әлеуметтік мұқтаждықтарын қанағаттандыруды қамтамасыз ету. Өздеріңізге белгілі өткен жыл елімізде пандемияға байланысты аздаған жайсыздықтар тудырды. Бірақ, кеселді жеңуге байланысты қиындықтарға қарамастан, Қарағанды «Жұмыспен қамтудың жол картасын» жүзеге асырудың арқасында экономиканың өсуі мен оң өзгерістерін көрсетті.

Мемлекет Басшысының Жолдауын және бағдарламалық құжаттарды іске асыру Қарағанды қаласы, Қазыбек би атындағы аудан әкімі аппараты қызметінің басты бағыты болып табылады.

Бүгінгі таңда аудандағы тұрғындар саны – 280 855, оның 44 мыңнан астамы – зейнеткерлер, 17-сі Ұлы Отан соғысының ардагері, 2 118-і тыл ардагері, 1 Социалистік Еңбек ері және 762 жалғызбасты зейнеткерлер бар. 720 зейнеткерге үйге барып қызмет көрсетіледі.

Біздің жұмыстың басты бағыты – тұрғындардың жақсы, ыңғайлы, жәйлі өмір сүрулеріне жағдай жасау.

Бүгінде ауданымызда 438 аула аумақтары бар, оның 303-і биылғы жылы абаттандырудың әртүрлі түрлерімен қамтылған. Оның ішінде:

– 53 аула аумағына (Михайловка секторында 18, қала секторы бойынша 20 аула аумақтары) абаттандыру жұмыстары жүргізіліп, асфальт жабындылары қалпына келтірілді. Жол жиегіне жиек тастар, жол кедергілері, қоқыс жәшіктері мен орындықтар, сонымен қатар жарық бағандары орнатылды.

– 4 аула аумағында (Гоголь көшесі, 48, Республика даңғылы, 18/2, Гапеев көшесі, 31, Академиялық көшесі, 9/2) асфальт жабындыларынан басқа балалар ойын кешендері мен көпфункционалды спорт корттары орнатылды.

– 2018-2019 жылдары абаттандырылған қала секторы бойынша – 36, Михайловка секторында – 25, Оңтүстік-Шығыс секторы бойынша – 39 аулаларда балаларға арналған 100 ойын алаңы орнатылды.

– 146 аула аумақтары жарықтандырылды.

Өткен жылы жалпы ұзындығы 31, 39 шақырымды құрайтын 22 орамішілік жолдарға абаттандыру жұмыстары жүргізілді, оның ішінде: Михайловка секторы бойынша – 14,41 шақырым, Оңтүстік-Шығыс және Федеровка секторларында – 14,62 шақырым, қала секторы бойынша – 2,36 шақырым.

Сонымен бірге, жалпы ұзындығы 64,87 шақырым 38 жаяу жүргіншілер тротуарлары абаттандырылды. Оның ішінде: Михайловка секторы бойынша – 5,94 шақырым, Оңтүстік-Шығыста – 37,98 шақырым, қала секторы бойынша – 20,95 шақырым.

– 3 375 коқыс жәшіктері орнатылған 595 қоқыс алаңдарына абаттандыру жұмыстары жүргізілді.

Өткен жылы «Жұмыспен қамтудың жол картасы» мемлекеттік бағдарламасы аясында, сонымен қатар Қазыбек би атындағы ауданға бірыңғай сәулеттік келбет беру мақсатында 186 тұрғын үйдің сыртқы қасбеті мен шатырларына жөндеу жұмыстары жүргізілді. Онда ескі шатырларды ауыстыру, су ағатын құбырларды жөндеу, үйлердің қасбетін сылау, бояу, сонымен қатар балкондарды қаптау сынды жұмыстар атқарылды. Жұмыс ауданның басты 12 көшесін қамтыды.

«Жұмыспен қамтудың жол картасы» аясында 2 235 жұмыс орны ашылды.

Үйлердің қасбеттері мен шатырларын жөндеуге байланысты атқарылған барлық жұмыстар 3 жылдық кепілдік міндеттемелерге ие. Жұмыстың жағдайын бақылау мақсатында барлық нысан бойынша аудан әкімі аппаратының қызметкерлері бекітілген.

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелерін шешу – аудан әкімі аппаратының негізгі міндеттерінің бірі болып саналады. Аппараттың коммуналдық шаруашылық бөлімінің қызметкерлері «Теплотранзит Қарағанды» ЖШС жылу жүйесі және үйлерді басқару органдарымен бірлесе отырып, жылу беру маусымының жүйелі өтуін қадағалайды.

2020-2021 жж. жылу маусымына дайындық барысында басқару органдарымен 25 үйдің үйішілік жылу жүйесі күрделі жөндеуден өткізілді, 56 жаңа элеватор торабы, 70 жылу торабы, 9 электр қалқаншалары ауыстырылды. 284 үйдің жылу жүйесіне ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді.

Аудандағы жылу жүйесінің 9 826 шаршы метр жылу желілері ауыстырылды, оның ішінде 1 313 шаршы метрі – магистральді жылу құбыры, 8 513 шаршы мерті – жылу жүйесін тарату құбыры. Жылуды жоғалтпау мақсатында «Теплотранзит Қарағанды» ЖШС жылу жүйесінің 9 826 шаршы метріне қаптау жұмыстарын жүргізді.

Суды бұру және сумен қамтамасыз ету саласында 19,8 шақырым су құбыры желілері ауыстырылды, бұл тұтынушыларға тұрақты су беруді қамтамасыз ету, перспективалық бағыттарды жоспарлау, сонымен қатар су ысырабын 0,8%-ға, су жүйелерінің істен шығу оқиғаларын 23%-ға азайтуға мүмкіндік берді.

Тұтастай алғанда, көпқабатты 1 466 үйде жылуды іске қосу тұрақты. Аудан аумағында техникалық дайындық паспорттарын алған автономды жылу жүйесімен жылытылатын 8 үй бар.

Ауданда жылу тасымалдағыш параметрлері бойынша күнделікті мониторинг жүргізіліп тұратын 33 «соңғы үй» бар.

Қарағанды қаласы, Қазыбек би атындағы ауданда 876 лифтімен қамтылған барлығы 337 көпқабатты тұрғын үй тіркелген. 876 лифтінің 825-і (94%) жұмыс істеп тұр, ал 51-і (6%) әзірше іске қосылмаған.

2020 жылы 20 лифтіге ауыстыру жұмыстары жүргізілді, бұл жұмысты биыл да жалғастырамыз.

Қазыбек би атындағы аудан әкімі аппаратының негізгі бағыттарының бірі, ол көпқабатты тұрғын үйлерде кондоминиум нысандарын басқару органдарын құру жұмыстарын ұйымдастыру.

«Қазақстан Республиксының 2020 жылдың 7 қаңтарындағы кейбір заңнамалық актілеріне тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңының күшіне енуіне байланысты Қарағанды қаласы, Қазыбек би атындағы ауданда көп пәтерлі тұрғын үй иелерімен кондоминиум объектісін басқарудың жаңа нысанына көшу туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Олар:

МИБ (мүлік иелерінің бірлестігі);

ЖС (жай серіктестік);

Жалпы, 2020 жылы тұрғындармен 133 кездесу өткізіліп, онда МИБ пен ЖС құрудың нақты алгоритмдері көрсетілді.

Бүгінде 1 590 көпқабатты тұрғын үй басқарудың түрлі нысандарымен қамтылған:

652 үйге ПИК қызмет көрсетеді;

328 үй ЖШС қарамағында;

20 ЖК 89 үйге қызмет көрсетуде;

480 үй тікелей бірлескен басқару көмегін алады;

1 үй-мүлік иелерінің бірлестігінде;

2 үй-жай серіктестікте;

38 үйде басқарудың заңды нысаны жоқ.

Көрсетілетін мемлекеттік қызметтер санының жыл сайынғы өсуін ескере отырып, оларды сапалы орындау мәселелері ерекше жолға қойылған.

Азаматтық хал актілерін тіркеу (АХАТ) бөлімі азаматтық хал актілерін тіркеудің 9 түрі бойынша мемлекеттік қызмет көрсетеді. Өткен жылы 21 335 мемлекеттік қызмет көрсетілді, оның 1 081-і баламалы негізде азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінде, 13 923-і Халыққа қызмет көрсету Орталығы арқылы, 6 331 қызмет – «Электрондық Үкімет» порталы арқылы көрсетілген қызметтер.

Тұрғындардың проблемалық мәселелерді шешуге байланысты өтініштері мен талаптарын уақытында орындау басты жолға қойылған.

Өткен жылы аудан әкімі аппаратында 107 адам қабылдауда болды, өтініштің басым бөлігі тұрғылықты мекенжайларға барып қабылданды.

Тұрғындар өтінішін уақытында жедел түрде шешу мақсатында «Қарағанды облыстық бірыңғай үйлестіру» орталығы ашылып, «Сенім-109» телефоны жұмыс істейді. «Сенім-109» арқылы аудан әкімі аппаратына 2 702 өтініш түсті.

Сонымен қатар, тұрғындардың әлеуметтік желілерде көтерген мәселелеріне ден қою және оларды шешу бойынша белсенді жұмыс жүргізілуде, тек өткен жылдың өзінде 1500-ден астам жарияланым қарастырылды.

Тұрғындармен былтырғы есептік кездесуде 85 өтініш түсті, барлық өтініштер бойынша мәселелер қарастырылып, оларды шешу жөнінде түбегейлі шаралар қабылданды.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес – Қазыбек би атындағы аудан әкімі аппараты қызметінің басты бағыты болып табылады.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы барлық жоспарлар мен стратегиялар орындалуда, осы тақырыпта семинар-тренингтер тұрақты негізде өткізіліп тұрады.

Біздің қызметте ең басты орын алатын, ол әлеуметтік мәселе және оның шешімі. Аудандық Ардагерлер кеңесі, Nur Otan партиясының аудандық филиалы және меценаттармен бірлесе отырып, Ұлы Отан соғысының ардагерлері, ауданның ұзақ өмір сүрушілері мен халықтың әлеуметтік осал топтарына тұрақты түрде қолдау көрсетіп тұрады.

Өткен жылы демеушілердің көмегімен қиын жағдайға тап болған отбасыларға, мүгедектерге, зейнеткерлерге, көпбалалы отбасыларға, жалғызбасты аналарға, барлығы 150 адамға азық-түлік салынған себеттер таратылды.

Жаңа жылды мерекелеу қарсаңында демеушілермен бірге жетім балалар мен көпбалалы отбасылардың балаларына сыйлықтар үлестірілді.

Үстіміздегі жылдан бастап көлік жолдары, алаңдар мен ауданды жарықтандыру мәселелері бойынша қызмет көрсету Қазыбек би әкімдігінің еншісінде. Сонымен қатар, жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарына қаражат бөлінді, ескерткіштер мен шағын сәулет нысандарын қалпына келтіру бойынша ауқымды жұмыс атқару жоспарлануда.

Жалпы, ауданды санитарлық талапқа сай ұстауға 140 бірлік арнайы техника мен 200- ден астам жұмысшы жұмылдырылды. Бұл бүкіл ауданды тазалауға мүмкіндік береді.

Биыл біз Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерекесін атап өтпекшіміз. Бұл тарихи маңызы бар және еліміздің ең басты ұлттық мерекесі. 1991 жылы 16 желтоқсанда Жоғарғы Кеңес Қазақстанның тәуелсіздігі және Мемлекеттің Егемендігі туралы Заң қабылдады.

Сонымен қатар, үстіміздегі жылы Семей полигонының жабылғанына 30 жыл аталынып өтіледі. 1991 жылы 29 тамызда Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен Семей ядролық полигоны ресми түрде жабылды. Біріккен Ұлттар Ұйымы 29 тамызды Халықаралық ядролық сынақтарға қарсы іс-қимыл күні деп жариялады.

Сонымен қатар, биылғы жыл мынадай мерейтойлық даталармен белгіленді: ақын Мұқағали Мақатаевтың туғанына – 90 жыл, аты аңызға айналған балуан Қажымұқан Мұңайтпасовтың 150 жылдығы, көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері Әлихан Бөкейханның туғанына – 155 жыл, халық ақыны Жамбыл Жабаевтың 175 жылдығы, көрнекті қазақ ағартушысы, педагог Ыбырай Алтынсариннің 180 жылдық мерекелері.

Құрметті жерлестер! Аудан әкімдігі алға қойылған міндеттерді орындау үшін барлық күш-жігерін салатын болады. Оған біздің ниетіміз, мүмкіндіктеріміз және қажетті ресурстарымыз жеткілікті. Тек бірлескен еңбек арқылы ғана біз алға қойған мақсаттарымызға жетеміз.

Нұрлан РЫСТИН,

Қазыбек би ауданының әкімі.

Басқа материалдар

Back to top button