АймақШет

Аудан аумағындағы мәселелер шешімін табады

Шет ауданы әкімінің міндетін атқарушы Дәурен Карсембаевтың төрағалығымен кеңейтілген аппарат отырысы өтті. Аталған жиынға аудан әкімінің орынбасарлары мен ауданның сала мамандары қатысты. Сонымен қатар, ауыл, кент кент әкімдері ZOOM платформасы арқылы онлайн қосылды.

 

Жиын барысында «Кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба» бағдарламасы аясында аудан көлемінде орындалып жатқан жұмыстар пысықталды. Осы бағдарлама аясында Бұрма, Батық елді мекендерінде салынып жатқан балалар ойын алаңының құрылысы талқыланды. Бұған жауапты сала мамандары атқарылып жатқан жобалары бойынша баяндама жасады.

Сонымен қатар, өрттің алдын алу мақсатында қауіпсіздік шаралары қайта қаралды. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру мәселесі де назардан тыс қалмады.

Жиын соңында аудан басшысының міндетін атқарушы Дәурен Құралұлы ауыл, кент әкімдері мен сала мамандарына жиын барысында көтерілген мәселелерді шешуде бірқатар тапсырмалар берді.

Аида РАХЫМҚҰЛОВА,
Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button