Жаңалықтар

Ауасы қатты ластанған қалалардың мәселесі қалай шешілмек?

Экологиялық реттеу және бақылау комитеті төрағасының міндетін атқарушы Айдар Абдуалиев орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде ауасы ең лас 8 қаланы атады. Оның ішінде Қарағанды, Теміртау және Балқаш қаласы да бар, деп хабарлайды Ortalyq.kz ҚазАқпарат сайтына сілтеме жасап.

Экологиялық мониторинг қорытындысы бойынша Астана, Алматы, Қарағанды, Теміртау, Атырау, Ақтөбе, Балқаш және Өскемен қаласы ең лас қалалар тізіміне енген. Ведомство өкілінің айтуынша, ауаның ластану себептерін үш санатқа бөлуге болады. Мәселен, Алматы және Астана қалаларында ластанудың негізгі көзі – жылу көздері мен автокөліктер, жеке сектор.

Ал, Өскемен және Теміртау қаласында эмиссиялардың ең көп көлемі өнеркәсіпке тиесілі. Ақтөбе мен Атырау қаласында ескірген кәріз-тазарту құрылыстары жоғары ластануға себеп болып отыр. Өңірлердің экологиялық проблемаларын шешуге бағытталған жол картасы аясында 2025 жылға бірқатар көрсеткішке қол жеткізілмек.

– Атап айтқанда, 8 қалада атмосфераның ластану индексін жоғары деңгейден орташа деңгейге дейін төмендету; 7 жаңа кәріз-тазарту құрылғысын салып, 12 ескі кәріз-тазарту құрылғысын жаңарту; 24 жаңа полигон салып, толып жатқан 5 полигонды қалпына келтіру және жою, – деді Айдар Абдуалиев.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button