Жаңалықтар

Ауа райы: Аптап ыстық сақталады

“Қазгидромет” РМК синоптиктерінің болжамынша, Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашын болмайды. Тек елдің солтүстігі мен шығысында ғана кей жерлерде өткінші жаңбыр жауады. Найзағай ойнап, жел күшейеді, оңтүстік өңірде жел шаңды дауылға ұласады.

Түнде және күндіз солтүстікте, орталықта және шығыста тұман түседі. Күндіз солтүстікте бұршақ жаууы да ықтимал.

Түркістан, таң ата және күндіз Қызылорда, облыстарының кей жерлерінде желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетіп, арты шаңды дауылға ұласады. Таң ата және күндіз найзағай ойнап, бұршақ жаууы ықтимал.

Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Солтүстік Қазақстан облыстарында күндіз жел секундына 15-20 метр жылдамдықпен соғады. Түнде және күндіз кей жерлерге тұман түседі.

Шығыс Қазақстан, Солтүсік Қазақстан облыстарында күндіз найзағай ойнап, бұршақ жаууы ықтимал.

Павлодар облысының кей жерлерінде найзағай ойнап, бұршақ жаууы мүмкін. Желдің жылдамдығы секундына 18 метр болады.

Қостанай облысында найзағай ойнап, тұман түсіп, желдің күші секундына 15-20 метрге жетеді. Ақмола облысында найзағай ойнап, бұршақ жаууы мүмкін.

Батыс Қазақстан облысында күндіз кей жерлерде желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді. Маңғыстау, Атырау, Ақтөбе, Батыс Қазақстан облыстары мен Қостанай, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде аптап ыстық болады.

Қызылорда, Түркістан облыстарында және Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Маңғыстау, Қостанай, Қарағанды, Жамбыл, Алматы облыстарының кей жерлерінде күн қатты ысып, өрт қаупі туындайды.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button