Жаңалықтар

Ауқымды шаралар атқарылуда

Ағымдағы жылдың 11 ақпанында Қарағанды қаласының Полиция басқармасының бастығы полиция полковнигі Думан Рахымжанұлы Кожахметовтің Қарағанды облысы ПД-нің «Facebook» парақшасында 2020 жылдың 12 айының қорытындысы бойынша онлайн -режимінде халыққа есеп беру кездесуі өтті. Кездесуге Қарағанды қаласының ПБ бастығының қызмет желісі бойынша орынбасарлары және аумақтық Оңтүстік –шығыс ПБ, Михайлов ПБ,Орталық ПБ, Киров ПБ, Октябрь ПБ, Жаңа Майқұдық ПБ, Теміржол ПБ бастықтары қатысқан болатын.
Аталған кездесудің басты мақсаты -қылмыстық құқық бұзушылықтың кез келген түрін алдын алу және анықтау, халықпен арадағы қарым- қатынасты жақсарту, азаматтардың қауіпсіздігін қорғау жолында полицияның атқарып жатқан жұмысын көрсету және полиция мен қала тұрғындары арасында байланысты нығайту.

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым –Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы барысында айтылған «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын құру туралы тапсырмасын орындау мақсатында бүгінгі күні полиция қызметкерлері тарапынан атқарылып жатқан жұмыстар орасан зор.

Қарағанды қаласының ПБ бастығы полиция полковнигі Думан Қожахметов өз баяндамасында Қарағанды қаласы ішкі істер органдарымен 2020 жылы елімізде туындаған қиындықтарға қарамастан коронавирустық инфекциясының таралуына жол бермеу мақсатында полиция қызметкерлерінің қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жолында көрсеткен ерен еңбектерін атап өтті.

Ұйымдасқан және сапалы жүргізілген жұмыстың нәтижесінде 2020 жылы Қарағанды қаласының аумағында қылмыстық құқық бұзушылықтың тіркелуі -26,1% төмендеген.Оның ішінде мүліктік сипаттағы қылмыстардың саны 27,8% төмендеді. Жалпы қаладағы кез-келген құқық бұзушылықтың ашылуына жедел басқару орталығының бейне камералары айтарлықтай көмегін тигізуде.
Атап айтсақ, көшеде және қоғамдық орындарда жасалған құқық бұзушылықтардың саны 47,7% төмендеген. Ағымдағы жылдың басынан бастап Қарағанды қаласының ПБ ЖБО бейне камераларымен 210 қылмыстық және 22533 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды. 2020 жылдың 12 айында есірткі қылмыстарына қарсы іс-қимыл бойынша бірқатар жұмыстар атқарылды. Есірткінің заңсыз айналымынан 250 кг астам есірткі тәркіленіп, 50 жуық адам қылмыстық жауапкершілікке тартылды.


Кездесу барысында Полиция басқармасының бастығы Думан Қожахметов Қазақстан Республикасының Заңнамаларына енгізілген өзгерістер мен толықтыруларға толық тоқтала кетті. Нақтырақ айтсақ, Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауы барысында айтылған «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын құру туралы тапсырмасын орындау мақсатында Қарағанды қаласының ПБ Жедел басқару орталығында жаңа сервис- «Police 102» мобильді қосымшасының іске қосылғанын бейне қоңырау арқылы нақты көрсетіп түсіндіріп өтті.
Сонымен бірге Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жол жүрісі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Заңына сәйкес жүргізуші куәлігіне қатысты бірқатар мағлұматтар берді. Онлайн режимінде өткізілген есеп беру кездесуі барысында шаһар басшысы азаматтардан келіп түскен барлық сұрақтарға жауап берді.
Кездесу соңында полиция полковнигі Думан Қожахметов онлайн форматында өткізілген есеп беру кездесуге белсене атсалысып, өздерінің азаматтық көзқарастарын білдіріп және полиция қызметінің жұмысына түсіністікпен қарап оң баға берген азаматтарға алғысын білдірді.

Нағима Әшімқызы
Қарағанды қаласының ПБ.

Басқа материалдар

Back to top button