Бас тақырыпРесми

Ауғанстан – Қазақстанның бірден-бір ұн нарығы

Ауғанстан еліміз үшін ұнды экспортқа шығарудың басым нарығы болып табылады. Атап айтқанда, барлық өндірілетін ұнның 70 пайызы дәл осы елге жөнелтіледі. Тіпті, өткен жылы аталған тауарды жеткізу көлемі 52%-ға ұлғайғанын айту керек. Бұл туралы Сауда және интеграция вице-министрі Қайрат Төребаев мәлімдеді.

Мәселен, 2021 жылы бұл көрсеткіш 895 126 тонна болса, 2022 жылы 1,3 млн тоннаға дейін жеткен.
Одан бөлек, 2021 жылы 571 704 тонна бидай экспорталса, бұл көрсеткіш 2022 жылы 686 729 тоннаға дейін жетіп, жалпы өсім 20%-ға жеткен. Ал, аталған елге жеткізілеген күнбағыс майы 2022 жылы 17 576 тоннаны құраған. Тіпті, қара бидай да жөнелтіле бастағанын айту керек.

– Біз барлық ұн экспортының 70%-ы Ауғанстанға жөнелтіледі. Бизнесмендеріміз де осы бағытта ынтымақтаса жемісті еңбек етуде. Одан бөлек, біздің Орталық Азиядағы негізгі серіктесіміз, тауар айналымы 5 млрд. АҚШ долларын құрайтын Өзбекстан Республикасы да қазақстандық астық пен ұнды тұтыну көлемін ұлғайтты. Жақында Ауғанстанға экспорт әртараптандырылды. Дәрілік заттарды, тыңайтқыштарды жөнелту тұрақталды, – деді Қайрат Төребаев.

Салтанат ІЛИЯШ,
ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button