АймақҚарқаралы

«Ауғандықтардың» бильярд бәсекесі

15 ақпанда Кеңес әскерлерінің Ауғанстан жерінен шығарылғанына 35 жыл толады. Жарияланбаған соғысқа Қарқаралы ауданынан да бірталай азаматтар қатысқан. Айтулы күннің қарсаңында сол ауған соғысының ардагерлері арасында бильярдтан жарыс ұйымдастырылды.

Сурет: автордан

Жарыс жеңімпаздарын марапаттау салтанатында ауған соғысы ардагерлерінен Нұрлан Әубәкіров сөз алып, осы шараға ат салысқан азаматтарға, ұйымдастырушыларға алғысын айтып, игі лебізін білдірді.  

Ардагерлер Саят Оспанов, Серік Жекеев, Елеухан Төлеуханов та жауынгер бауырларына ізгі тілектерін жеткізді.

Ал жарыс қорытындысы бойынша: бірінші орынды қарсылас шақ келтірмеген Амандық Сибағатов иеленсе, екінші орынды Болат Зайытов еншілеп, үшінші орын Саят Оспановқа бұйырды.

Тастаяқ турнирі оған қатысушылар үшін бой жазып, көңіл сергіткен тамаша демалыс болды. Тағдыр талайы тоқайластырған ардагерлер турнир барысында өткенді еске алысып, көрмеген аралықтағы жаңалықтарымен бөлісіп, бір жасап қалды.

Болатбек ӘШІМҰЛЫ

Қарқаралы ауданы

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button