АбайАймақ

Ауғандық ардагер де пәтер алды

Кеңес әскерлерінің Ауғанстаннан шығарылған күні қарсаңында Абай қаласының әлеуметтік осал топқа жататын 30 тұрғыны пәтер кілтіне ие болды.

Олардың арасында толық емес отбасылар, жетім балалар, мүгедектер, қандастар, зейнеткерлермен қатар Ауған соғысының ардагері Қайрат Борашев те бар. Бұл баспана атаулы күн алдында оның отбасы үшін үлкен сый болды.

Бұл 30 пәтерлі бес қабатты үйді “Халық Билдинг” ЖШС салып бітіріп,оны Абай аудандық әкімдігі сатып алып,енді оларды тұрғын үйге қайтам мұқтаж,баспана кезегіндегі жоғарыдағы санаттар адамдарына үлестірді.Бұл Мемлекет басшысының бастамашылығымен жүзеге асып отырған шаруа.

Жаңа үйде бір бөлмелі 12,екі бөлмелі 8,үш бөлмелі 10 пәтер болса,солардың бәріне иелері қоныстанды.Оларға пәтер кілттерін тапсырып тұрып Абай ауданының әкімі Сәбит Оспанов:

– Жеке құрылыс салушылардан тұрғын үйді осындай жолмен алу жылдап пәтер кезегінде тұрғандардың баспана мәселесін шеше беретін болады.Сіздердің жаңа қоныстарыңыздың іші шаттыққа толсын! – деп тілегін айтты.

Ержан ИМАШ,
Абай ауданы
Суреттер ұйымдастырушылардан

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button