Ауған соғысына арналған кеш
Ғабиден Мұстафин кентінің көпшілік кітапханасында Кеңес әскерлерінің Ауғанстан жерінен шығарылғанына 37 жыл толуына орай “Ауғанстан – тарихқа айналған тар кезең, елге оралған ерлер” атты еске алу кеші өтіп, оған осындағы агротехникалық колледждің студенттері қатысты.

Кешті жүргізген кітапханашылар Ауған соғысының тарихи оқиғаларымен таныстырып, оған кенттен аттанып, қатысқан интернационалист-жауынгерлердің өмір және ерлік жолдарына тоқталып, олардың фотоларын көрсетті. Оны слайдтар арқылы бейнеледі.
Шара барысында сол соғыста қаза болған боздақтарға тағзым жасалып, олардың рухына құрмет көрсетілді.
Колледж студенті Анастасия Реш Ауған соғысына арналған “Я был у матери один” өлеңін оқып, тақырыпқа сай көрме ұсынылып, кітаптарға шолу жасалды.
Бұл кеш оған қатысушыларға ерекше әсер қалдырып, бейбіт өмірдің бағасын түсінулеріне ықпал еткендей.
Ержан ИМАШ,
Бұқар жырау ауданы



